Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы активтерін басқару – БЖЗҚ-ның кезекті қаржы журналистикасы мектебінің тақырыбы

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) жыл сайын БАҚ өкілдеріне арналған жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелеріне арналған дәстүрлі Қаржы журналистикасы мектебін өткізеді. Биылғы іс-шараның тақырыбы - зейнетақы активтерін басқару.

Биылғы іс-шара 13 наурызда Алматы қаласында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өтеді. Онлайн  қатысу мүмкіндігі бар.

Мектеп жұмысына БЖЗҚ сарапшылары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушылар қатысады. Іс-шара қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Курс барысында ҚРҰБ және жеке басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқару, инвестициялық портфельді әртараптандыру қағидаттары, қаржы нарығындағы үрдістер және зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы ақпарат ұсынылады.

Инвестициялық портфельді басқарушылар инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийлері, қолданылатын қаржы құралдары туралы әңгімелейді.

Іс-шара аясында инвестициялық портфельді басқарушыларды таңдау бойынша жаңа цифрлық портал таныстырылады. Платформа ИПБ туралы негізгі ақпаратты бірыңғай цифрлық кеңістікте біріктіреді және кірістілікті, зейнетақы активтерінің құрылымын, инвестициялау нәтижелеріне әсер ететін өзге де көрсеткіштерді қоса алғанда, инвестициялық қызмет туралы деректерді ашу үшін қолайлы жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді. Жоба халықтың хабардарлығын арттыруға және зейнетақы активтерін инвестициялау тетіктерін түсінуді қалыптастыруға бағытталған.

Қаржы журналистикасы мектебі дәстүрлі түрде жинақтаушы зейнетақы жүйесі тақырыбындағы материалдардың сапасын арттыру және медиа-қоғамдастық өкілдерінің кәсіби құзыреттерін дамыту мақсатында өткізіледі.

Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

Қатысуға өтінімді өзі туралы ақпаратты көрсете отырып, press@enpf.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет:

  • Аты-жөні;

  • БАҚ атауы;

  • электрондық пошта және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесі мен іс-шара  туралы хабарлама жіберу үшін).

Шақыру сілтемесі іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі. Курс бағдарламасы қоса беріледі.

Дата публикации
05 марта 2026
Дата обновления
05 марта 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы