Меню

Страницы

Статья

бос жұмыс орны туралы хабарландыру

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ 2026 ж. 20.05. күніне 1 әкімшілік мемлекеттік бос лауазым

 

№

бос лауазымның атауы

қай уақыттан бастап

 

бос лауазымдарға

біліктілік талаптар

қызметтік міндеттері

1

Сәулет, қала құрылысы және қала құрылысы кадастры бөлімінің басшысы

(1 бірлік)

2025 ж. 16.09.

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет және/немесе құрылыс, және/немесе кадастр, және/немесе геодезия және картография, және/немесе жерге орналастыру)

Бөлімнің және бөлім қызметкерлерінің жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауап беру, басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды үйлестіру. Бөлімнің мемлекеттік және еңбек тәртібін, тұрақты моралдық ахуалдың сақталуын қамтамасыз ету. Бөлімнің ішкі құжаттарын әзірлеу және оларды келісу. Сәулет, қала құрылысы, бас жоспарларды және қала құрылысы кадастры мәселелері бойынша бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеу және келісу, одан әрі іске асыруды қамтамасыз ету. Елді мекендердің ұзақ мерзімді сызбалары мен бас жоспарларының жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, даму жобаларын әзірлеуде ұзақ мерзімді сызбалар мен жобаларды әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттік органдарға СҚО бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау бөлігінде, кеңес түрінде көмек көрсету. Облыстың әкімшілік бірлігі аумағын қала құрылыстық игеру кезінде сәулет-қала құрылысы туралы заңнамалары нормала-рының сақталуын қамтамасыз ету. Әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық, азаматтық және өндірістік мақсаттағы объектілердің құрылысы және қайта жаңарту жобаларын қарастыруда және келісуде қатысу. Үйлестіру кеңестерінің комиссия отырыстарының, жұмыс топтарының, сәулет және қала құрылысы кеңестерін өткізуге материалдар дайындау. Графикалық және атрибутивтік кадастрлық мәліметтер базасына енгізу, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорына анықтама-ларды жинау, өңдеу жұмыстарын қамтамасыз ету. «Мекен-жай тіркелімі» АЖ-не деректерді толықтыру және өзектілеуге мүккәмәлдандыру жөнінде іс-шараларды іске асыру. Объектілерді қайта жаңарту жобаларына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге ұсыныс енгізу. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыз-шағымдарын заңнамада белгіленген тәртіппен қарастыру. Иннова-циялық әдістер мен технологияларды зерделеу және ұсыныстар енгізу, оларды жұмыста қолдану. Облыс әкімдігі жанындағы Консультативтік-кеңесші органды құру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Аймақтық геоақпараттық жүйелері бойынша жұмысты ұйымдастыру.

 

бос лауазым саны

1

 

Дата публикации
26 сентября 2025
Дата обновления
20 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы