Қорытынды хаттамасы № 383 2018 жылғы 13 шілде
Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің ұсынымдары № 383 2018 жылғы 13 шілде
2017 жылғы қызметі туралы есебі
Жоба
Сәулет және қала құрылысы
қызметi саласындағы мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламенттерiн
бекiту туралы
«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңының 16-бабы 3-тармағына, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
2. «Сәулет және қала құрылысы қызметi саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенттерiн бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 08 желтоқсандағы № 480 қаулысының (2017 жылдың 19 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлер эталондық бақылау банкте жарияланды, Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3991 болып тiркелдi) күшi жойылды деп танылсын.
3. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте қамтамасыз етсiн:
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жетекшiлiк ететiн мәселелер жөнiндегi орынбасарына жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Солтүстiк Қазақстан облысының
әкiмi Қ. Ақсақалов
Жоба
«Эскиздi (эскиздiк жобаны)
келiсуден өткiзу» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет
регламентiн бекiту туралы
«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңының 13-бабының 3-тармағына, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған «Эскиздi (эскиздiк жобаны) келiсуден өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.
2. «Эскиздi (эскиздiк жобаны) келiсуден өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiн бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 21 шiлдедегi № 219 қаулысының (2016 жылдың 21 шiлдеде «Әдiлет» Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлер ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланды, Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3803 болып тiркелген) күшi жойылды деп танылсын.
3. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысының әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы әкiмдiктiң қаулысының мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде қағаз және электрондық түрiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде оның көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның филиалы-Солтүстiк Қазақстан өңiрлiк құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға жiберудi және Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлер эталондық бақылау банкiне қосуды;
3) осы қаулының Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жетекшiлiк ететiн мәселелерi жөнiндегiорынбасарына жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi
Қ. Ақсақалов
«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (жоба)

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi № 88-V Заңы