Халық арасында ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ 2024 жылғы 13 желтоқсан күні «ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау» тақырыбына Ашық есік күнін өткізеді.
Ашық есік күнінде БЖЗҚ салымшыларына зейнетақы активтерін басқару туралы ақпаратты тікелей инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) өкілдерінен алу сияқты бірегей мүмкіндік беріледі. Әр ИПБ өзінің инвестициялау стратегиясын таныстырады және іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап береді. БЖЗҚ мамандары ИПБ туралы ақпаратты қайдан табуға болатынын және салымшы өз таңдауын жасаған болса, жинақтарды қалауы түскен ИПБ-ға қалай аударуға болатыны жайлы түсініктеме береді.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарын жеке инвестициялық компаниялар – ИПБ-лардың сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігіне ие болды. Бастапқыда ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын немесе сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін зейнетақы шотында қалған жинақтарды ғана беруге болатын еді. Алайда, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап инвестициялық мүмкіндіктер кеңейді: енді БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен 50% дейін, ал ерікті жарналарын 100% жеке компаниялардың сенімгерлік басқаруына бере алады.
Кездесу онлайн-форматта өткізілетін болғандықтан, оған ниет білдірген әрбір адамның қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабар таратып жүрген журналистер қауымына да пайдалы болатынына үміттіміз.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу керек.
Содан кейін әр сессия үшін event-кеңестің нөмірі мен паролін жеке енгізу:
Бірінші сессия сағат 10:00-да өткізіледі:
еvent-кеңес нөмірі: 2514 847 2407
оқиға паролі: SKOF
Екінші сессия сағат 14:00-де өткізіледі:
еvent-кеңес нөмірі: 2512 048 3957
оқиға паролі: SKOF
Үшінші сессия сағат 16:00-де өткізіледі:
еvent-кеңес нөмірі: 2515 602 7650
оқиға паролі: SKOF