Меню

Страницы

Статья

Отандастарымыздың зейнетақы активтерінің 10 айдағы өсімі 3,7 трлн теңгеден асты 

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы активтері 21,6 трлн теңге болды. 10 ай ішінде 3,7 трлн теңгеден аса мөлшерге (20,8% жетті) өсті. Зейнетақы активтерінің жылдық өсімі – шамамен 4,4 трлн теңге (немесе 25,3%).

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 2024 жылдың 01 қарашасына 20,7 трлн теңгеден асты (бір жылдағы өсім – 24,5%, жыл басынан бері — 19,9%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – шамамен 633,8 млрд теңге, бір жылдағы өсім – 15,3% ағымдағы жылдың басынан бергі өсім – 11,5%. Ең үлкен өсімді (бір жылға – 47,3%, жыл басынан бері  39,2%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 7,3 млрд теңгеден асады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 10 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 194,9 млрд теңгеден асты.

Түсімдер

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кірістер есебінен ұлғаяды. 2024 жылдың 10 айындағы салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналары 2,2 трлн теңгеден асты (өсім өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 29,7% немесе 514,6 млрд теңгеге артық).

Жарналардың барлық түрлері оң сипатты көрсетті: МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.11.2024 жылға дейін шамамен 2 трлн теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1% артық) түсті, МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға 94,5 млрд теңге (өсім 19,8%), ЕЗЖ – 2,6 млрд теңге (өсім 38,0%) жиналды.

БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 01.11.2024 ж. шамамен 2,4 трлн теңге. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 1,1 трлн теңгеге (немесе 92,8%) артық.

Төлемдер мен аударымдар

2024 жылдың 10 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 990 млрд теңге болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 2 есеге жуық мөлшерге көп.

429,1 млрд теңге  тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 171,6 млрд аса теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 39,8% жоғары.

Сондай-ақ, жыл басынан бергі 10 ай ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 50,3 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 33,9 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 2,5 млрд теңгеден аса, жерлеуге төлемдер – шамамен 8,4 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 294,1 млрд теңгеден астам сома аударылды.

Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем  33 865 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы — 945 752 теңге болды. 

ЖЗШ саны

2024 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша БЖЗҚ —дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны  16,9 млн бірлік (шоттар саны жыл басынан бері 4,6 млн аса бірлікке немесе 37,5%-ға, бір жылда – 37,9%-ға өсті). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2024 жылдың 1 қарашасына шамамен 12,5 млн бірлікке тең. Оның ішінде: 11,1 млн — МЗЖ бойынша, 705,8 мың — МКЗЖ бойынша, шамамен 433,5 мыңы — ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЖМЗЖ ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны — шамамен 4,5 млн бірлік.  

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
28 ноября 2024
Дата обновления
28 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы