Меню

Страницы

Статья

Жыл басынан бері қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 2,7 триллион теңгеге өсті

2023 жылғы 1 желтоқсандағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 17,4 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бергі өсім 2,7 трлн теңге ( 18,4%) болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 3 трлн теңгеге немесе 20,5%  ұлғайды.

Өсім жарналар мен инвестициялық табыс, сондай-ақ, зейнетақы төлемдері түрінде, оның ішінде кесте бойынша және біржолғы - тұрғын үй мен емделуге, мұрагерлік, жерлеу, тұрақты тұруға кету және т.б. түріндегі кіріс ағындарын есепке ала отырып қалыптастырылды.

2023 жылдың 11 айында зейнетақы жарналарының сомасы 1 927,3 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 390,4 млрд теңге немесе 25,4% артық. Атап кетейік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) - 25,5%, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) - 23,9%, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) - 0,8%  есебінен  ұлғайды.

Қазақстандықтардың жинақтарының 96,8% мөлшері міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылды.  01.12.2023 ж. Қарай МЗЖ көлемі 16,8 трлн теңгені құрады (бір жылдағы өсім – 20,3%, жыл басынан бері – 18,2%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы өткен жылдың 1 желтоқсанынан бастап 26,9% мөлшерге, ағымдағы жылдың басынан бастап 24,2%  ұлғайып, 553,3 млрд теңге болды. Ең үлкен өсім (жылына - 52,3%, жыл басынан бері - 43,1%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтарды көрсетті, оның көлемі 5,1 млрд теңге.

БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс жыл басынан бері шамамен 1 245,7 млрд теңгені құрады.

БЖЗҚ-дан төлемдер түріндегі шығыс ағындары жыл басынан бері 01.12.2023 ж. дейін шамамен 531,4 млрд теңге болды. Бұл ретте тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емдеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЖТ) осы соманың едәуір бөлігін құрады – 255,4 млрд теңгеден астам, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 71,7%  төмен.

Зейнетақы жасына байланысты төлемдер 139,6 млрд теңге. 

Сондай-ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 48,3 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 37,2 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 2,5 млрд теңге, жерлеуге төлемдер - 6,8 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 41,4 млрд теңге аударылды.

Айта кетейік, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 32 138 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 742 692 теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 29 876 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңге болды.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны - 12,3 млн бірлік, оның ішінде: МЗЖ бойынша - 11,1 млн, МЗЖ бойынша - 637 958, ЕЗЖ бойынша - 393 844.

Зейнетақы активтері бойынша, оның ішінде республика өңірлері бөлінісінде статистикалық деректер туралы барлық өзекті ақпарат Қордың enpf.kz сайтының "Көрсеткіштер" бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
29 января 2024
Дата обновления
29 января 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы