2023 жылғы 22 маусымда "БЖЗҚ" АҚ онлайн-форматта "Ашық есік күнін" өткізеді.
Іс-шараның тақырыбы "Зейнетақыны жоспарлау. Зейнетақы калькуляторы".
Қор мамандары болашақта лайықты төлемдер алу мақсатында зейнетақыны жоспарлау туралы мағлұмат береді. Зейнетақы калькуляторының көмегімен зейнетақының болжамды мөлшерін қалай есептеу керектігін үйретеді.
Қатысушылар негізгі күн тәртібінен басқа жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық мәселелер бойынша да білікті кеңес ала алады.
Іс-шараға қатысу үшін әрбір ниет білдірушіге сілтеме бойынша тіркелу қажет:
Содан кейін әр сессия үшін event-кеңестің нөмірі мен паролін жеке енгізу:
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!