Меню

Страницы

Статья

Зейнетақыны алуға уақытылы хабарласыңыз!

2022 жылы зейнет жасына толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ оларды алуға уақытылы жүгінбеген 7 мыңға жуық адам зейнетақы төлемдеріне ие болды. Оның 4,5 мыңы – әйелдер, 2,5 мыңы – ер адамдар. Бұл БЖЗҚ-ның жыл сайын "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" комерциялық емес Акционерлік қоғамымен бірлесіп, зейнет жасына толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын, бірақ төлем алуға Қорға өтініш білдірмеген адамдарды анықтау тұрғысынан жүргізетін салыстырып тексеру нәтижесінде жүзеге асты.

Бұл қызметті Мемлекеттік корпорация аталған санаттағы 24 мың адамға проактивті форматта көрсетті.

Сонымен қатар БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациясымен өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша алушылардың көрсетілген санатына электрондық пошта және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының телефон нөмірлері арқылы қосымша таргеттелген ақпарат беру туралы шешім қабылдады.

Таргеттелген ақпараттандыру нәтижесінде Қор 20 мыңға жуық зейнетақы төлемдерін алушыларды хабардар етті.

БЖЗҚ зейнетақыны алуға уақытылы жүгінуді ұсынады және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БЖЗҚ-дан міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне белгіленген кесте бойынша зейнет жасына толған адамдардың: ерлер – 63 жасқа толғанда, әйелдер – 61 жасқа толғанда (2028 жылға дейін), сондай-ақ, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе бірінші және екінші топтағы мүгедектердің құқылы екендіктерін хабарлайды. Бұл ретте, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылатынын атап өтеміз.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін:

зейнет жасына толғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне жүгіну қажет;

мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектікпен – тікелей БЖЗҚ кеңсесіне хабарласуға не электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинетте тиісті өтініш беруге болады.

Толық ақпаратты Қордың кеңселері немесе интернет-ресурстарынан, сондай-ақ, 1418 тегін нөмірі бойынша алуға болады.

Дата публикации
06 апреля 2023
Дата обновления
06 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы