Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ қызметтерінің қолжетімділігі «Қазпошта» АҚ арқылы ұлғаюда

«БЖЗҚ» АҚ өз қызметтерінің қолжетімділігін үнемі жетілдіріп келеді. «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық – Қор салымшыларымен қарым-қатынас жасау тәсілдерінің бірі

2022 жылы Қор қызметтерін көрсету барысында «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің санына пошта операторының тағы 27 бөлімшесі қосылып, 376-ға дейін ұлғайтылды. Бұл шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына, қажет болған жағдайда, өздерінің жеке деректеріне өзгерістер енгізуге, сондай-ақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың неғұрлым танымал әрі ыңғайлы тәсілін нақтылап, таңдауға мүмкіндік береді.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ бірлескен жобасының арқасында 2019-2022 жылдар аралығында салымшыларға (алушыларға) 35 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде 11 мыңнан астам салымшы электрондық хабарлау тәсілін таңдады. 23 мыңнан астам адам жеке деректемелерін өзектендірді. БЖЗҚ қызметтеріне ең көп сұраныс Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде Қордың салымшылары (алушылары) келесі қызметтерді алады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелерін, телефон нөмірін, электрондық және пошталық мекенжайларын) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру;
  • хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) туралы келісімге қол қою («электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып, жеке кабинет арқылы» және «электрондық пошта арқылы» тәсілдеріне өзгерту).

Қосымша деректемелер мен ақпараттандыру тәсілін өзгерту бойынша БЖЗҚ қызметтерін алуға болатын «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің тізімін enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінен таба аласыз

Сонымен қатар, БЖЗҚ қызметтерінің басым бөлігін үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде enpf.kz корпоративтік сайтындағы Жеке кабинет немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасында алуға болатынын хабарлаймыз.

Дата публикации
13 февраля 2023
Дата обновления
13 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы