«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады
Тақырыбы: «Цифрлық БЖЗҚ»
2022 жылғы 20 желтоқсанда БЖЗҚ «Ашық есік күнін» «Цифрлық БЖЗҚ» тақырыбында онлайн-форматта өткізеді.
Мақсаты – салымшылар мен іс-шараға қатысушыларды Қордың ең өзекті және сұранысқа ие электрондық сервистерімен enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинетте», БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасында, сондай-ақ, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде (чат-бот, телеграмм арна және т. б.) халықтың зейнетақы қызметтерін толыққанды алуы үшін егжей-тегжейлі таныстыру.
Іс-шараны өткізу кезінде қатысушыларға «Жеке кабинеттегі» әр қызметтің, оның ішінде «Зейнетақы калькуляторы» арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу керек, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қарау, ерікті жарналар бойынша және 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектікке байланысты зейнетақы төлемдеріне электрондық өтініш беру, осы өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар бойынша түсініктеме беріледі.
Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарды жауапсыз қалдырмай, іс-шараға қатысушыларға жеке кеңес береді.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 20 желтоқсанда 2022ж. онлайн форматта өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін әрбір ниет білдірушіге сілтеме бойынша тіркелу қажет:
Содан кейін әр сессия үшін event-кеңестің нөмірі мен паролін жеке енгізу:
Бірінші сессия 20 желтоқсанда сағат 10:00-де өткізіледі:
Event-кеңес нөмірі: 2512 478 8621
Оқиға паролі: SKOF
Екінші сессия 20 желтоқсанда сағат 12:00-де өткізіледі:
Event-кеңес нөмірі: 2515 924 6100
Оқиға паролі: SKOF
Үшінші сессия 20 желтоқсанда сағат 14:00-де өткізіледі:
Event-кеңес нөмірі: 2516 446 1304
Оқиға паролі: SKOF
Төртінші сессия 20 желтоқсанда сағат 16:00-де өткізіледі:
Event-кеңес нөмірі: 2511 781 5136
Оқиға паролі: SKOF
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!