Петропавл қаласы, 09.09.2024 жыл
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ басшысының 2024 жылғы 25 шілдедегі №293-I «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» бұйрығының негізінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талданатын кезең: 2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңді (қоса алғанда).
Талдау жүргізу кезеңі: 2024 жылғы 1 шілдеден 09 тамызға дейін, 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзім.
Бағынысты ұйымдар жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапкершілік басқарма басшысының орынбасары Мұстафин А.К.-ға – жұмыс тобының төрағасына жүктелді.
Жұмыс тобының құрамына:
Қаражигитова Ж.С. – сәулет, қала құрылысы, бас жоспарлар және қала құрылысы кадастры бөлімінің басшысы;
Усинова Г.Ф. – қаржы-әкімшілік бөлімінің басшысы;
Есімсеиіт А.С. – қаржы-әкімшілік бөлімінің бас маманы;
Уразалинов Н.М. – қаржы-әкімшілік бөлімінің бас маманы кіреді.
Басқарма өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 тамыздағы №250 қаулысымен бекітілген Ереженің негізінде жүзеге асырады.
Ережеге сәйкес Басқарманың міндеттері:
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу;
аумақтар мен елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, құрылыс, сәулет-қала құрылысы кешеніне және инфрақұрылымына бағытталған мемлекеттік, құрылыс және басқа да бағдарламаларды іске асыру;
республикалық және жергілікті бюджеттерден түсетін қаражат есебінен құрылыс бойынша инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру;
тапсырыс беруші және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі функцияларын жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
бөлімшенің қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілердегі және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 20-бабынан туындайтын қағидалар мен құрылыс нормаларын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы №71 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 69-бабының 1-тармағына сәйкес құрылыс объектілерін пайдаланудың кепілдік мерзімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес белгіленеді.
Барлық өзге жағдайларда кепілдік мерзімі салынған объектіні пайдаланудың нормативтік мерзіміне (тұтастай ғимараттың немесе орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының жекелеген түрлерінің капиталдылық сыныбына сәйкес) байланысты тапсырыс беруші мен мердігер (бас мердігер) арасында құрылыс салуға шарт жасасу кезінде белгіленеді, бірақ объект пайдалануға қабылданған күннен бастап екі жылдан кем болмауы тиіс. Кепілдік мерзімінің бұл шегі азаматтардың жеке пайдалануы үшін арналған уақытша құрылыстар мен қосалқы-көмекші мақсаттағы құрылыстарға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 665-бабының 1-тармағына сәйкес, егер құрылыс мердігерлігі шартында өзгеше көзделмесе, мердігер жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген құрылыс объектісінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді және кепілдік мерзімі ішінде объектіні шартқа сәйкес пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Егер заңнамалық актілерде немесе шартта өзге кепілдік мерзімі көзделмесе, кепілдік мерзімі объектіні тапсырыс беруші қабылдаған күннен бастап он жылды құрайды.
Осы нормативтік құқықтық актілер арасындағы қайшылықтар кезінде Басқармаға құрылыс объектісінің тапсырыс берушісі ретінде құрылыс объектілерін пайдалану кепілдігінің мерзімін шарттарда өз қалауы бойынша көрсету мүмкіндігі берілген.
Ұсынылды:
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға салынып жатқан құрылыс объектілерінің әртүрлі бағыттары бойынша пайдалану кепілдігінің нақты мерзімін айқындау бөлігінде (мысалы: мектеп – 3 жыл, жеке тұрғын үй құрылысы – 5 жыл) нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу мәселесіне қатысты хат жолдау.
Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 101-бабының 1-тармағына сәйкес алименттік төлемдердің барлық түрлері бойынша берешекті өндіріп алу алимент төлеушінің жалақысынан және басқа да табыстарынан жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №372 «Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға арналған алименттер ұсталатын жалақы және (немесе) өзге де табыс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығының 1-тармағына сәйкес кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға арналған алименттер ата-аналардың ақшалай (ұлттық және (немесе) шетел валютасындағы) түрде алатын жалақысының (ақшалай сыйақысының, қамтылымының) және өзге де табысының барлық түрлерінен ұсталады, оның ішінде:
еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген белгіленген лауазымдық айлықақылардан (ставкалардан) нақты жұмыс істеген уақыты немесе орындалған жұмысы үшін есептелген жалақыдан;
еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген барлық қосымша ақылар мен үстемеақылардан, сондай-ақ еңбекақы төлеу қоры шегінде қаражатты үнемдеу есебінен немесе тиісті мекемені ұстауға көзделген қаражат есебінен алынатын үстемеақылардан;
еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген сыйлықақылардан (ақшалай сыйақылардан);
өтемақы төлемдерінің барлық түрлерінен;
демалыс уақытында сақталатын жалақыдан, сондай-ақ бірнеше жыл үшін демалыстарды қосқан жағдайда пайдаланылмаған демалыс үшін ақшалай өтемақыдан;
комиссиялық сыйақыдан (сақтандыру агенттеріне, брокерлерге);
азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған және біржолғы сипатта болмайтын шарттар бойынша орындалған жұмыстардан, көрсетілген қызметтерден алынған табыстардан;
авторлық сыйақы төлемдерінен;
зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 98-бабында көзделген жәрдемақыларды қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардан, атаулы әлеуметтік көмек сомаларынан;
білім беру ұйымдарында білім алушыларға төленетін стипендиялардан;
заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысудан түсетін табыстардан;
мүлікті жалға беруден түсетін табыстардан;
бағалы қағаздардан түсетін табыстардан және заңды тұлғаның мүлкін басқаруға қатысудан түсетін басқа да табыстардан;
Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 13-бабы 1) тармақшасында және Қазақстан Республикасының «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген төлемдерден.
Мемлекеттік қызметші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шыққан кезде оған екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы есептеледі, одан барлық мемлекеттік органдардың бухгалтерлері алимент ұстайды, алайда қолданыстағы заңнамада алимент ұстау туралы талап жоқ.
Сауықтыруға арналған жәрдемақы қандай да бір салықтарға салынбайды, ал салық салынбайтындықтан, ол табыс болып табылмайды.
Жоғарыда баяндалған НҚА нормаларынан алимент төлеушінің табыстарының толық тізбесі туындайды. Бұл ретте екі лауазымдық айлықақы мөлшеріндегі сауықтыруға арналған жәрдемақы тармағы жоқ, алайда іс жүзінде барлық мемлекеттік органдардың бухгалтерлері кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға арналған алименттерді де ұстайды, дегенмен сауықтыруға арналған жәрдемақыға қандай да бір салық салынбайды, ал салық салынбайтындықтан, ол табыс болып табылмайды.
Ұсынылды:
Жоғарыда баяндалғандарды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне екі лауазымдық айлықақы мөлшеріндегі сауықтыруға арналған жәрдемақыдан алимент ұстаудың заңдылығына түсініктеме беру мәселесіне қатысты хат жолдау, ал алимент ұстау заңды болған жағдайда, ҚР ӘМ-нің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №372 бұйрығының 1-тармағына өзгеріс енгізіп, оны 15-тармақпен толықтыру.
2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 30 шілдеге дейін басқарманың штат саны 21 мемлекеттік қызметшіні құрады, оның ішінде 2024 жылғы 01.07 жағдай бойынша 19 штат бірлігі толықтырылды, 2 штат бірлігі бос болды, оның ішінде Құрылыс және мониторинг бөлімінің басшысы – 1 бірлік және Сәулет, қала құрылысы және қала құрылысы кадастры бөлімінің бас маманы – 1 бірлік.
2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде Басқармадан 3 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды (тізім қоса беріледі), оның ішінде басқа қалаға қоныс аударуына байланысты – 1, басқа мемлекеттік органдағы жоғары тұрған мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуына байланысты – 1, осы басқармадағы жоғары тұрған мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуына байланысты – 1, жеке секторға кетуіне байланысты – 1.
СКО әкімдігінің Құрылыс, сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасынан 2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер
| № | Тегі, аты, әкесінің аты | Атқаратын лауазымы | Қабылдау туралы бұйрық | Ескертпе |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Кушербаев Алиби Болатович | Басқарма басшысының орынбасары | 2023 жылғы 17.11. №143-л/с бұйрық | басқа қалаға қоныс аударуына байланысты – 1 |
| 2 | Кужумбаев Канат Хайратович | Құрылыс және мониторинг бөлімінің басшысы | 2023 жылғы 31.10. №133-л/с бұйрық | жеке секторға кетуіне байланысты – 1 |
| 3 | Уразалинов Нуржан Мурзагалиевич | Құрылыс және мониторинг бөлімінің бас маманы | 2023 жылғы 31.10. №131-л/с бұйрық | басқа мемлекеттік органдағы жоғары тұрған мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуына байланысты – 1 |
| 4 | Мустафин Амантай Канатович | Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы | 2023 жылғы 23.11. №151-л/с бұйрық | осы басқармадағы жоғары тұрған мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуына байланысты – 1 |
2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 30 шілдеге дейінгі кезеңде бос мемлекеттік лауазымдарға 3 мемлекеттік қызметші тағайындалды (тізім қоса беріледі), оның ішінде:
1 – конкурстық комиссияның шешімі бойынша (жұмыссыз). Конкурс СҚО әкімі аппаратының Бірыңғай конкурстық комиссиясы арқылы өткізілді және СҚО әкімі аппаратының Бірыңғай конкурстық комиссиясының хаттамалық қорытындысы негізінде тағайындалды.
2 – ауысу тәртібімен, осы басқармадағы жоғары тұрған мемлекеттік лауазымға.
СКО әкімдігінің Құрылыс, сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасының қабылданған, тағайындалған мемлекеттік қызметшілері
2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде
| № | Тегі, аты, әкесінің аты | Атқаратын лауазымы | Қабылдау туралы бұйрық | Тағайындалғанға дейінгі лауазымы |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Мустафин Амантай Канатович | Басқарма басшысының орынбасары | 2023 жылғы 23.11. №151-л/с бұйрық (ауысу тәртібімен) | Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы |
| 2 | Абдрахманов Дамир Султанбекулы | Құрылыс және мониторинг бөлімінің бас маманы | 2023 жылғы 21.11. №149-л/с бұйрық | Басқарманың жастар практикасы шеңберіндегі құрылыс-техник |
| 3 | Уразалинов Нуржан Мурзагалиевич | Қаржы-әкімшілік бөлімінің бас маманы | 2024 жылғы 13.05. №60-л/с бұйрық | СҚО әкімі аппаратының инспекторлық бөлімі |
| 4 | Калиев Амангельды Муратович | Қаржы-әкімшілік бөлімінің бас маманы | 2024 жылғы 14.05. №61-л/с бұйрық | Басқарманың әдіскер-экономисі (еңбек шарты бойынша) |
Бос орындардың болуы туралы ақпарат, бос лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы мәліметтер Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылған.
Талданатын кезеңде, 2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 30 маусымға дейін, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде және конкурстық рәсімдерді өткізу барысында басшы тарапынан аффилирлену байқалмады. Кадрларды тағайындау Басқарма мемлекеттік қызметшілерінің Басқармадағы басқа мемлекеттік лауазымдарға ауысу тәртібімен тағайындалуына немесе конкурс нәтижелері бойынша тағайындалуына байланысты жүргізілді. Басқарма ішінде мамандардың лауазымдық өсуі – 1 мемлекеттік қызметші.
Мүдделер қақтығысы. 2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде кадрларды іріктеу және бос мемлекеттік лауазымдарға орналасу жөніндегі конкурстық комиссияға қатысу кезінде мүдделер қақтығысы туындаған жоқ.
Талданатын кезеңде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері анықталған жоқ. Басқармада жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп қызмет атқаруы (жұмыс істеуі) анықталған жоқ. Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды лауазымға тағайындау анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшінің болмашы теріс қылық жасаған жағдайларда Басқарма басшысы мән-жайларды анықтағаннан кейін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 44-бабы 8-тармағына сәйкес қызметкерден түсініктеме талап етіп, өз бұйрығымен тәртіптік жаза қолдануға құқылы.
2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде тәртіптік жазалар саны – 3, оның ішінде мерзімінен бұрын алынғаны – 2. Тәртіптік жаза қолдану және мерзімінен бұрын алып тастау кезінде Тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптары сақталған, түсініктемелер бар.
Қызметкерлерден тәртіптік жазалар Басқарма басшысының шешімімен кадр қызметкерінің ұсынуы негізінде, лауазымдық міндеттерін адал орындауына және қайталама тәртіптік жазалардың болмауына байланысты алынды. Ұсыну қоса берілген.
Басқарма мемлекеттік қызметшілерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын, сондай-ақ өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын бұзу жағдайлары байқалмады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін, сондай-ақ басқа да құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік жазалар қолданылған жоқ. Басқарма қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша босатылғандар болған жоқ.
Басқарма мемлекеттік қызметшілеріне құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында және ҚР Президентінің 2015 жылғы 29.12. №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында көзделген шаралар қолданылады.
Басқармаға жұмысқа орналасу кезінде мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында көрсетілген шектеулермен таныстырылды, шектеулерді қабылдау туралы міндеттемелер жеке істерінде бар.
Басқарманың барлық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «Ақпараттық сервис» базасы бойынша тексерілді.
2023-2024 жылдары әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, барлығы Басқарманың 5 қызметкерінде, оның ішінде жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін – 4 мемлекеттік қызметшіде, басқа құқық бұзушылық бойынша – 1 мемлекеттік қызметшіде. Салынған әкімшілік айыппұлдар уақтылы төленді.
Қорытынды: Талданатын кезеңде Басқарманың сыбайлас жемқорлық, қылмыстық құқық бұзушылықтар және мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылықтар бойынша есепте тұрған қызметкерлері жоқ. Кадрларды іріктеу кезінде мүдделер қақтығысы туындаған жоқ.
Бос мемлекеттік лауазымдарға орналасу СҚО әкімі аппаратының Бірыңғай конкурстық комиссиясы өткізетін конкурс арқылы, сондай-ақ СҚО әкімі аппаратымен келісу арқылы Біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша ауысу тәртібімен жүзеге асырылады.
Тәртіптік жазалар облыс әкімі аппараты басшысының орынбасарының қызметтік жазбалары негізінде қолданылды.
Ұсынымдар:
Сыбайлас жемқорлық салдарының және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуына тұрақты бақылау жүргізу.
Жұмыс тобы Басқарма қызметкерлерін жұмысқа қабылдау кезінде Басқарма басшысының аффилирленуінің, кадрлардың ауысымдылығының, қызметкерлердің жұмыстан босатылуының (лауазымының төмендетілуінің) себептерінің, жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп жұмыс істеуінің, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың болуы тұрғысынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Дискрециялық өкілеттіктер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін нормаларды талдау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.
Ережеге сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.
Ережеге сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ-де рұқсат беру функциялары жоқ.
Ережеге сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ бақылау-тексеру функцияларымен қамтамасыз етілмеген.
Бюджет қаражаты қаржыландыру жоспарына сәйкес игеріледі, орындалған жұмыстардың актілері мен төлем тапсырмаларына сәйкес төленеді.
Игерілмеу жағдайлары туындаған кезде бюджет қаражатын тиімді әрі сапалы игеру мақсатында төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізіледі.
Талданатын кезеңде жұмыс өндірісінің кестесінен артта қалғаны үшін мердігер ұйымдарға айыппұл, тұрақсыздық айыбын салу жөнінде шаралар қабылданды.
Аталған сомалар жергілікті бюджет кірісіне төленді және төлем тапсырмаларымен расталды.
Мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында негізгі сатып алу рәсімдері автоматтандырылған және адами фактор қысқартылған электрондық мемлекеттік сатып алу енгізілді.
Мемлекеттік сатып алуды уақтылы өткізу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары жасалады. Тапсырыс берушілерге тиісті бюджеттік комиссияның оң қорытындысы негізінде бюджет бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алуды өткізу мүмкіндігі берілген.
Есепті кезеңде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ-де жұмыс тобы жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға байланысты, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ.
Талданатын кезеңде 558 мемлекеттік сатып алу жүргізілді, оның ішінде:
ашық конкурс – 9;
баға ұсыныстарын сұрату – 66;
өтпей қалған сатып алулар бойынша бір көзден – 24;
бір көзден – 182;
шеңберлік келісімді пайдалана отырып конкурстың екінші кезеңі – 8;
рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс – 199;
электрондық дүкен – 70.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау Басқарманың мемлекеттік сатып алуы ҚР заңнамасына сәйкес келетінін, ашық және мөлдір екенін көрсетті.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.
Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілуіне қарай Басқарма қызметкерлері арасында Басқарма жетекшілік ететін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша түсіндіру-насихаттау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
Құқықтық сананы, құқықтық ақпараттандырылуды табысты дамыту және қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және басқа да нормативтік құқықтық актілер бойынша құқықтық жалпыға бірдей оқыту сабақтарын өткізу ұйымдастырылады.
Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын мүлтіксіз сақтайды. Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп қызмет атқару (жұмыс істеу) фактілері жоқ.
Мемлекеттік қызметшілерге өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығына және (немесе) құқық қорғау органдарына дереу хабарлау, сондай-ақ мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу жөнінде шаралар қабылдау, мүдделер қақтығысы туындағаны немесе оның туындау мүмкіндігі туралы бұл жөнінде өзіне белгілі болған сәттен бастап бөлім басшысына жазбаша түрде хабарлау міндеті жеткізілді.
Азаматтардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.
Басқарманың барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен таныстырылған. Келіп түскен өтініштер электрондық түрде «электрондық құжат айналымы жүйесінде» (ЭҚАБЖ) тіркеледі. Заңнамада белгіленген мерзімдерде өтініштер қаралып, өтініш берушілерге жауаптар ұсынылады, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқармасына есеп беріледі. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне берілген жауаптарда қабылданған шешімге шағымдану құқықтары міндетті түрде түсіндіріледі.
2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 30 шілдеге дейін Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 193 өтініш (сұрау салулар, хабарламалар, арыздар) келіп түсті, олардың 43-і басқа мемлекеттік органдарға қайта жолданды. Барлық өтініштер мерзімдерді бұзбай, уақтылы қаралды (ҚР ӘРПК сәйкес 15 күнтізбелік күн ішінде).
Басқармада басқарма басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі, азаматтардың арыздары мен шағымдарына арналған жәшік, сондай-ақ Басқарманың сайтында жарияланған «сенім телефоны» орналастырылған.
Басқарма қызметі туралы ақпарат облыс әкімдігінің, Басқарманың веб-порталында, әлеуметтік желілерде жүйелі түрде жаңартылып отырады. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі.
Жүргізілген ішкі талдау барысында жұмыс тобы Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ.
Сонымен қатар, көрсетілген кезеңде Басқармада мемлекеттік қызметті беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған және мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша босатылған қызметкерлер болған жоқ.
Аналитикалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың барлық түрлерінің көріністеріне төзбеушілікті насихаттау саласында тұрақты негізде жұмыс жүргізу.
Жұмыс тобының төрағасы ___________________ Мустафин А.К.
Жұмыс тобының мүшелері:
___________ Қаражигитова Ж.С.
____________ Усинова Г.Ф.
____________ Есімсеиіт А.С.
____________ Уразалимнов Н.М.
Таныстым: ___________________________________ Галеев К.Т.
(басқарма басшысы)