GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
19 октября 2026
БЮДЖЕТ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ: ОНЛАЙН-БЮДЖЕТТІК МОНИТОРИНГ БОЙЫНША СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУ

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ұйымдастырған онлайн-бюджеттік мониторинг шеңберінде анықталатын бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу мәселелеріне арналған семинарға қатысты.

Семинар барысында бюджет заңнамасының талаптарын сақтау, мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін арттыру, сондай-ақ бюджетті атқару кезінде ықтимал бұзушылықтарды уақтылы анықтау және олардың алдын алу мәселелері қарастырылды.

Қаржылық бұзушылықтардың алдын алуға, бюджеттік процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге, қаржылық тәртіпті нығайтуға және мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражатын ұтымды әрі мақсатты пайдалануға жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Осындай іс-шараларға қатысу мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ішкі бақылау тетіктерін жетілдіруге және бюджет заңнамасының талаптарын сақтау бойынша бірыңғай тәсілді қалыптастыруға ықпал етеді.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы өңірдегі дене шынықтыру және спорт саласында бюджет қаражатының ашық, заңды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастырады.

15 октября 2026
Петропавлда спорт саласы қызметкерлері арасында спартакиада өтуде

2026 жылғы 15–16 қазан күндері Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының күніне орай Солтүстік Қазақстан облысының спорт саласы қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өтуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық рухты нығайту, корпоративтік спорт мәдениетін дамыту және спорт ұйымдарының қызметкерлерін дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Спартакиадаға облыстың спорт ұйымдарының қызметкерлері, оның ішінде әкімшілік-басқару және техникалық персонал қатысуда.

Жарыс бағдарламасына шағын футбол, «Допты бастан асыра беру» және «Орнынан ұзындыққа секіру» эстафеталары, нығыздалған допты лақтыру, ардагерлер арасында пенальти тебу турнирі, сондай-ақ ерлер ардагерлер арасында асық ату және әйелдер ардагерлер арасында бес тас ұлттық ойындары енгізілген.

Спартакиаданы өткізу өңірдегі спорт ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға, қызметкерлердің дене белсенділігін арттыруға және Солтүстік Қазақстан облысында бұқаралық спортты насихаттауға ықпал етеді.

24 сентября 2026
СҚО-да «AUYL SPORT – 2026» облыстық турнирінің ашылуы өтті

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл спортын дамытуға, бұқаралық спортты насихаттауға және жас спортшыларды қолдауға бағытталған «AUYL SPORT – 2026» облыстық турнирінің ашылу салтанаты өтті.

Жоба Тимур Құлибаевтың «Halyk» қайырымдылық қорының бастамасымен жүзеге асырылуда.

Облыстық турнирге Солтүстік Қазақстан облысының барлық 13 ауданынан 8–14 жас аралығындағы 150-ден астам жас спортшы қатысуда.

Жарыстар спорттың жеті түрі бойынша өтеді: баскетбол, волейбол, шахмат, бокс, еркін күрес, үстел теннисі және мини-футбол.

Турнирдің негізгі мақсаты – ауылдық жерлердегі балаларды спортпен тұрақты айналысуға тарту, олардың спорттық шеберлігін арттыру және болашағы зор жас спортшыларды анықтау.

«AUYL SPORT» жобасы аясында ауылдық елді мекендердегі балалар мен жасөспірімдерге спортпен айналысуға мүмкіндік беріліп, спорттық резервті қалыптастыруға жағдай жасалуда.

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық жерлердегі спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аудандарда жаңа спорт нысандары салынып, қолданыстағы нысандардың материалдық-техникалық базасы жаңартылуда.

Облыстық турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар республикалық жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие болады.

19 августа 2026
Солтүстік Қазақстан облысында Спорт күні аталып өтті

18 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында Спорт күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға спорт ұйымдарының басшылары мен директорлары, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері, спортшылар, спорт қоғамдастығының өкілдері және сала мамандары қатысты.

Мерекелік іс-шараның басты бөлігі салтанатты марапаттау рәсіміне арналды. Жоғары спорттық жетістіктері, кәсіби шеберлігі, көпжылдық еңбегі және дене шынықтыру мен спорт саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін спорт ардагерлері мен сала өкілдеріне құрмет көрсетілді.

Бүгінде облыста бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға барлық жағдай жасалуда. 227 мыңнан астам солтүстікқазақстандық дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде айналысады. Өңірде 2 197 спорт нысаны жұмыс істейді. Жыл сайын 1 200-ден астам спорттық іс-шара өткізіліп, оларға 230 мыңнан астам адам қамтылады.

Балалар мен жасөспірімдер спортына да ерекше көңіл бөлінуде. Облыста балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, Олимпиада резервін даярлау орталығы, олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі, спорт және аула клубтары жұмыс істейді.

Өңір спортшылары да жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының сапында 357 солтүстікқазақстандық спортшы бар. Тек биылдың өзінде олар 548 медаль, оның ішінде 198 алтын медаль жеңіп алды.

Ербол Хамитов, Кристина Шумекова, Ислам Евлоев, Анна Стратан, Жігер Еркінұлы, Мансур Бейсембай, Владислав Чечета, Арман Темирбулатов және басқа да спортшылар Солтүстік Қазақстан облысының намысын республикалық және халықаралық жарыстарда абыроймен қорғап жүр.

Іс-шара барысында спортшылармен қатар жаттықтырушылардың, тәлімгерлердің, спорт ардагерлері мен сала мамандарының еңбегі де атап өтілді. Олардың күнделікті қажырлы еңбегі жаңа чемпиондарды тәрбиелеуге және өңір спортының дамуына үлкен үлес қосып келеді.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Спорт күні өңірдің спорт саласындағы жетістіктерін атап өтіп, дене шынықтыру мен спортты дамытуға үлес қосып жүрген барша азаматтарға алғыс білдіретін маңызды мерекеге айналды.

10 августа 2026
Мамлюткада «Жастар – 2026» облыстық спартакиадасы қорытындыланды

2026 жылғы 6–8 тамыз аралығында Мамлютка қаласында жастар арасында «Жастар - 2026» облыстық спартакиадасы өтті.

Спартакиадаға Солтүстік Қазақстан облысының 13 ауданынан 598 спортшы қатысып, спорттың бес түрі бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, жағажай волейболы, 3×3 баскетбол, шағын футбол, грек-рим күресі және арқан тартудан жарыстар ұйымдастырылды.

Үш күнге созылған жарыстар барысында жас спортшылар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, командалық рух пен жеңіске деген жігер танытты.

Командалық есеп қорытындысы бойынша:

1-орын - Мамлют ауданы - 193 ұпай
2-орын - Шал ақын ауданы - 186,5 ұпай
3-орын - Ақжар ауданы - 143,5 ұпай.

«Жастар» облыстық спартакиадасы жыл сайын өткізіліп, бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, аудандар арасындағы спорттық байланысты нығайтуға және жастардың спорттық шеберлігін арттыруға бағытталған.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Барлық қатысушыларды лайықты нәтижелерімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!

29 июля 2026
Солтүстік Қазақстан облысында 2011–2015 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында жазғы биатлоннан Қазақстан Республикасының Кубогы басталды

Солтүстік Қазақстан облысында 2011–2015 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында жазғы биатлоннан Қазақстан Республикасының Кубогының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар қатысуда. Турнир жас биатлоншылардың спорттық шеберлігін, төзімділігі мен жігерін көрсететін маңызды алаңға айналды.

Жарысқа қатысушыларды, жаттықтырушыларды, төрешілер мен қонақтарды Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары құттықтады. Ол өз сөзінде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, мұндай жарыстардың болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге, биатлон спортын кеңінен насихаттауға және өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлес қосатынын айтты.

Солтүстік Қазақстан облысы биатлондағы жетістіктерімен мақтана алады. Өңірден Азия чемпионы Надежда Щедрина, Қазақстан Республикасының спорт шеберлері Виктор Бривко, Диас Амаров, Эльдар Верховников, сондай-ақ республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері тәрбиеленіп шыққан.

Алдағы бірнеше күн бойы 2011–2015 жылы туған ұлдар мен қыздар Қазақстан Республикасының Кубогы жүлделері үшін бақ сынап, жоғары дайындық деңгейін, спорттық шеберлігін және жеңіске деген жігерін көрсетеді.

 

27 июля 2026
«Qyzyljar Sabantui – 2026» батыры анықталды

Петропавл қаласында өткен «Qyzyljar Sabantui – 2026» халықаралық фестивалі аясында Қазақстан мен Ресей Федерациясының (Татарстан Республикасы) үздік балуандары қатысқан ұлттық «Корэш» белбеу күресінен халықаралық турнир өтті.

Жарысқа Қазақстан мен Ресейден келген 100 балуан қатысып, 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Турнирдің басты тартысы абсолюттік салмақ дәрежесінде өтіп, онда «Батыр» құрметті атағы мен жарыстың бас жүлдесі ойнатылды.

Абсолюттік салмақ дәрежесінде Қостанай облысының өкілі Талғат Жиентаев жеңімпаз атанды. Финалда ол Ресейден келген қарсыласын жеңіп, турнирдің бас жүлдесі Lada Granta автокөлігін иеленді.

Турнирге Татарстан Республикасының балуандары да белсенді қатысып, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті. Халықаралық дода тартысты белдесулерге толы болып, көрермендерге ұлттық спорттың көркемдігін паш етті.

«Qyzyljar Sabantui – 2026» фестивалі аясында өткен турнир ұлттық дәстүрді, күш пен қайсарлықты дәріптеп қана қоймай, Қазақстан мен Татарстан халықтары арасындағы достық пен мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайтты.

23 июля 2026
Петропавлда 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде!

20–24 шілде аралығында Петропавл қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Еліміздің ең үздік жас балуандары Қазақстан чемпионы атағы үшін өзара мықтыны анықтауда.

Петропавл төріне Қазақстанның 20 өңірінен 350-ден астам спортшы жиналып, өз шеберлігі, қайсарлығы мен жеңіске деген жігерін көрсетуде.

Чемпионат аясында ерлер мен әйелдер арасында 17 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталады. Сонымен қатар ерлер арасында абсолюттік «Түйе балуан» санатында да белдесулер өтеді.

Жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында 65 кг, 70 кг, 77 кг және +77 кг, ал ерлер арасында 90 кг, 100 кг және +100 кг салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Әділет Мурзаш аса ауыр салмақта (+100 кг) чемпион атанып, алтын медаль иеленді.

Қазақ күресі – ұлттық мұрамыздың ажырамас бөлігі. Ол жастарды күш-жігерге, бірлікке, отансүйгіштікке және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.

Барлық қатысушыларға сәтті белдесулер мен жарқын жеңістер тілейміз!

20 июля 2026
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бәйге түрлерінен кубогі өтті

18 шілде күні Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы «Құлагер» ипподромында Солтүстік Қазақстан облысының 90 жылдығына арналған Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бәйге түрлерінен кубогі өтті.

Жарыс мерейтойлық іс-шаралар аясындағы маңызды спорттық оқиғалардың біріне айналып, еліміздің әр өңірінен келген шабандоздар мен ұлттық ат спортының жанкүйерлерін бір арнаға тоғыстырды.

Көрермендер 12 000 метрлік аламан бәйге, 7 000 метрлік жорға жарыс, 1 600 метр қашықтықтағы орлов желісті жылқылары және орыс мініс тұқымды жылқылары арасындағы тартысты бәсекенің куәсі болды.

Жарыс жеңімпаздары:

12 000 метрлік аламан бәйге

🥇 Серік Өмір (Астана қаласы) – «Өкжетпес» тұлпарымен – 15:25,4
🥈 Асанұлы Абдурахман (Жамбыл облысы) – «Диана» тұлпарымен – 15:29,7
🥉 Дөлетбай Мейір (Орал қаласы) – «Барыс каска» тұлпарымен – 15:31,2

7 000 метрлік жорға жарыс

🥇 Жайлиев Фархат (Шал ақын ауданы) – «Граф Лок» жорғасымен – 10:56,5
🥈 Советхан Наиля (Шал ақын ауданы) – «Қаратал» жорғасымен – 10:56,9
🥉 Тоқтасынова Әлия (Қызылжар ауданы) – «Экспресс Лок» жорғасымен – 10:57,2

Орлов желісті жылқылары арасындағы жарыс (1 600 метр)

🥇 Ткачук Василий – «Властный» тұлпарымен – 2:12,0
🥈 Скопцов Михаил – «Любовь» тұлпарымен – 2:12,6
🥉 Нұрметов Аваз – «Самурай» тұлпарымен – 2:24,3

Орыс мініс тұқымды жылқылары арасындағы жарыс (4 жас және одан жоғары, 1 600 метр)

🥇 Нұрметов Абдували – «Иквойст» тұлпарымен – 2:06,4
🥈 Скопцов Михаил – «Фабриэль» тұлпарымен – 2:06,9
🥉 Ткачук Василий – «Полтергейст» тұлпарымен – 2:08,5

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал 12 000 метрлік аламан бәйгенің жеңімпазына кубогінің бас жүлдесі – автокөлік табысталды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бәйге түрлерінен кубогі ұлттық ат спортын дамытуға, халқымыздың төл дәстүрлерін дәріптеуге және саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды спорттық іс-шаралардың біріне айналды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ барлық қатысушыларды жарқын жеңістерімен және ұлттық спорт мерекесімен құттықтаймыз!

15 июля 2026
Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы республикалық спартакиадада шахматтан жеңімпаз атанды

Ақмола облысының Көкшетау қаласында жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасында өтіп жатқан республикалық спартакиада жалғасуда. Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен келген мемлекеттік қызметшілер қатысып, спорттың 10 түрі бойынша бақ сынауда. Спартакиада бағдарламасы аясында шахмат жарыстары өтті. Командалық есеп қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы жоғары дайындық деңгейі мен ұйымшыл командалық ойын көрсете отырып, I орынды иеленді.

Жеке есепте Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері төмендегідей нәтижелер көрсетті:

Андрей Аракелов – I орын;

Мұрат Қожаев – IX орын;

Наталья Гринь – V орын.

Шахмат жарысындағы бұл жеңіс Солтүстік Қазақстан облысы құрамасының республикалық спартакиададағы сәтті өнер көрсетуінің жарқын нәтижесі болып, өңірдің жалпы жетістігіне қомақты үлес қосты.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы