Тарихи нәтиже!

Тарихи нәтиже!

Солтүстікқазақстандық Ербол Хамитов парабиатлоннан Әлем кубогының үлкен хрусталь глобусын жеңіп, алдыңғы қатарға шықты. Осылайша жерлесіміз бұл сынды жеңіп алған алғашқы қазақстандық атанып отыр!

11 наурызда Швецияның Турсбю қаласында 2024-2025 жылғы маусымның соңғы жарысы өтті. Ербол спринт жарысында керемет нәтиже көрсетіп, екінші орынды иеленді . Тағы бір жерлесіміз даңқты спортшы Александр Герлиц тұрып сырғанау бәсекесінде екінші орынды жеңіп алды.🥈

Ербол Хамитов - шаңғымен отырып жарысудан Парабиатлоннан Әлем кубогының үздік параспортшысы атанған алғашқы қазақстандық!

Сондай-ақ, 2024-2025 маусымының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Ұлттар кубогында 4-ші орыннан көрінді!

Бұл жеңіс - еліміздің имиджін асқақтату жолында үлкен қадам! Біздің спортшыларымызды құттықтаймыз және олардың жетістіктерімен мақтанамыз!

Біздің спортшыларымызды алдағы уақытта үлкен дайындық күтіп тұр. Өйткені дәл бір жылдан кейін Италияда төртжылдықтың басты оқиғасы — 2026 жылғы XIV қысқы Паралимпиада ойындары өтеді.