«Солтүстік 2024» аяқталуға жақын

«Солтүстік 2024» аяқталуға жақын

16-18 ақпан аралығында Петропавлда керлингтен облыс чемпионаты және конькимен жүгіру спортынан жарыс өтті. Бұл «Солтүстік-2024» облыстық қысқы спорт мерекесінің жалғасы. Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша Есіл ауданының командасы керлингтен бірінші жалпыкомандалық орынды иеленді. Екінші орынды-қызылжарлықтар. Шал ақын ауданының спортшылары «Қола». Конькимен жүгіру спортында Шал ақын ауданының командасы көш бастаса, қызылжарлықтар екінші нәтижеге қол жеткізді.Үшінші орынды Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның конькимен жүгірушілері.

Осы дәстүрлі қысқы спартакиада аясында, ринк-бендиден (допты хоккей) жарыс, қысқы Президенттік көпсайыс, шайбалы хоккейден аймақтық ойындар өтті. Ал келесі аптаның соңында Бескөл ауылында мерекеміздің финалы өтеді, онда шайбалы хоккей, фут зал, шаңғы жарысы және шорт-тректен ақтық сайыста мықтылар анықталмақ.

23 ақпан сағат 19-00-де Қызылжар ауданы Бескөл ауылында «Солтүстік-2024» облыстық қысқы спорт мерекесі финалының салтанатты ашылуы өтеді.