«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға сәйкес төмендегіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау барысында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландырудың тәртібі мен кезеңдерін реттейтін бірқатар заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер қабылданды, атап айтқанда:
-«Мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басынашаққандағы нормативтік
қаржыландыру әдістемесінбекіту туралы» (2021 жылғы 27 сәуірдегі № 119 бұйрықпен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022633 сілтеме бойынша танысуға болады);
- «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік
спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» (2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 бұйрықпен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022631 сілтеме бойынша танысуға болады);
-«Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» (2021 жылғы 27 сәуірдегі № 121 бұйрықпен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022637 сілтеме бойынша танысуға болады);
-«Балалар мен жасөспірімдергеарналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (2021 жылғы 27 сәуірдегі № 112 бұйрықпен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022637 сілтеме бойынша танысуға болады).
Ақпараттық портал әзірленді және іске қосылды, оның цифрлық платформасында көрсетілетін қызметтерді берушілерді, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарын (немесе олардың ресми өкілдерін) тіркеу және олардың өтінімдерін беру үшін жоба іске асырылатын болады, спорт секциясына баруға ваучер алу үшін https://artsport.edu.kz/ruсілтеме бойынша өту қажет
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Call-орталық: 36 05 75
(жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін).
Электрондық пошта: ofsc@sqo.gov.kz, umcentr@mail.ru.