«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ (бұдан әрі - Басқарма) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымының бос орнына конкурс жариялайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 171 және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 264 бірлескен бұйрығымен бетіліген Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының негізінде өткізіледі.
Мекеменің заңды мекенжайы: 150600, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы Есім Шайкин көшесі, 40А, электрондық почта dussh_Zhambil@sqo.gov.kz, телефон 8 715 44 2 21 07.
Мекеме қызметінің мақсаты спорт түрлері бойынша мектептен тыс қосымша білім беру және балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту болып табылады. Мекеме қызметінің мәні балаларға мектептен тыс қосымша білім беру, облыс және республика құрама командалары үшін жоғары дәрежелі спортшыларды және спорт резервін Қазақстан Республикасының Чемпионаттары мен Біріншіліктеріне, халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындау болып табылады.
Лауазымдық міндеттері:
дене шынықтыру-спорт ұйымының өндірістік, әкімшілік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданған шешімдердің орындалуын, дене шынықтыру-спорт ұйымының балансындағы мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-экономикалық нәтижелерін қамтамасыз етеді;
дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметінің саясатын, стратегиясын және оларды жүзеге асыру тетігін айқындайды;
оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді;
педагогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды;
дене шынықтыру-спорт ұйымының жұмыс жоспарын, спортты жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламаларын бекітеді;
барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды;
жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар, нұсқаушылар және әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, спортшыларды дайындау деңгейін және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы шет елдің озық тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметінің жекелеген бағыттарын басқаруды лауазымды тұлғаларға – орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүктейді;
қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан босату туралы шешімдер қабылдайды, штаттық кестені, дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды;
тиісті саланың уәкілетті органдарына дене шынықтыру-спорт ұйымының әкімшілік-шаруашылық және оқу-жаттығу қызметтерінің есебін ұсынады;
дене шынықтыру-спорт ұйымының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банктерді қоса алғанда кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттардың) орындалуын қамтамасыз етеді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда дербес жауапкершілікте болады;
спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар; еңбек өтілі: облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коммуналдық заңды тұлғалары үшін – дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласында басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл, немесе Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде үш жыл;
Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі;
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
«Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары;
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы;
педагогика, психология және физиология негіздері;
дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді;
еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарын.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі – конкурс өткізу туралы хабарландыруды тізілімнің веб-порталында және тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурсында жариялаған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде веб-порталда (SPORT BASQARU) электрондық нысанда рәсімделген және ЭЦҚ пайдалану арқылы қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдерінде еркін нысанда рәсімделген түйіндемемен қоса ұсынады.
Тізілімнің веб-порталы «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттары, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы мәліметтерді конкурсқа қатысу туралы өтінішке автоматты түрде тіркейді. Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға өтінішке Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін тіркейді.
Тізілімнің веб-порталында электрондық өтінішке қоса берілетін құжаттар: қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме; жоғары білім туралы диплом; еңбек қызметін растайтын құжат; соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама; сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жоқ екендігі туралы анықтама.
Құжаттардың толық топтамасын ұсынбау немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Конкурс 2 (екі) жүйелі кезеңдерден тұрады:
1) «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін және тиісті бос лауазымға ұсынылатын кандидаттардың құжаттарын қарау;
2) конкурстық комиссия өткізетін кандидаттармен әңгімелесу.
Конкурстық комиссияның шешімі әңгімелесу аяқталған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.