Меню

Страницы

Статья

ПРАВИЛА ПООЩРЕНИЯ ЛИЦ, СООБЩИВШИХ О ФАКТЕ КОРРУПЦИОННОГО ПРАВОНАРУШЕНИЯ ИЛИ ИНЫМ ОБРАЗОМ ОКАЗЫВАЮЩИХ (ОКАЗАВШИХ) СОДЕЙСТВИЕ В ПРОТИВОДЕЙСТВИИ КОРРУПЦИИ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ФАКТІСІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН НЕМЕСЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛҒА ӨЗГЕШЕ ТҮРДЕ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТЕТІН (КӨРСЕТКЕН)

АДАМДАРДЫ КӨТЕРМЕЛЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ

(Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу қағидалары (ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 270 бұйрығымен бекітілген)

 

Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе залал келтірілмеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК;

2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;

3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;

4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;

5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

Пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны 1000 АЕК-тен асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал не ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының      10% құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен көп емес.

Көтермелеу алу үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адам сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органға не әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс қозғаған органға көтермелеу туралы өтінішті, жеке басын куәландыратын құжатты және қолданыстағы банктік шоты көрсетілген екінші деңгейдегі банктің анықтамасын ұсына отырып жүгінеді.

Көтермелеу әкімшілік жаза қолдану туралы сот шешімі немесе айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін ғана төленеді.

 

қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаны туралы КӨРІНЕУ ЖАЛҒАН СӨЗ ЖЕТКІЗГЕНІ ҮШІН 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазамен қылмыстық жауаптылық көзделген

(Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы).

 

Анықтама телефондары:

8 (7152) 469493, 8 (7152) 462643

ӨТІНІШ

 

Дата публикации
17 марта 2025
Дата обновления
17 марта 2025
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының конкурстық комиссиясы қорытынды отырысының 2026 жылғы 13 қазандағы № Р-2026-16G хаттамасынан үзінді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы