Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары

27.11.2019 ж.

«СҚО әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ-сі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V Заңының 36-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 77-тармағына сәйкес «Петропавл қаласы Жамбыл көшесі, 82 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Олимп» облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің дәмхана-асханасының мүлкін жаңғырту және пайдалану үшін сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін жекеше әріптесті таңдау бойынша ашық конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурсқа конкурстық құжаттаманың «Біліктілік іріктеу» бөлімінде көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.

Конкурсқа қатысу және ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттар тізбесі және әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурстық құжаттама көшірмесінің топтамасын жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13-00-ге дейін және 14-30-дан 18-30-ға дейін Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі, 15 үй мекенжайы бойынша осы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап алуға болады.  

Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасы тегін ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді, сондай-ақ конвертке желімделген біліктілік іріктеуге арналған құжаттарды әлеуетті қатысушылар Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі, 15 үй, № 301 кабинет (тел. 8-715-2-46-62-58) мекенжайы бойынша «СҚО әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ-не қолма-қол ұсынады.

Әлеуетті жекеше әріптестің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі — 2019 жылғы «29» қарашадан Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 15.00-ге дейін қоса алғанда.

Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі — 2019 жылғы «30» желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 18.30-ға дейін қоса алғанда.

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі, 15 үй, № 301 кабинет бойынша 2019 жылғы «31» желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 10.00-де жүзеге асырылады.

Әлеуетті жекеше әріптес (оның уәкілетті өкілі) конкурстық құжаттаманың көшірмесін қағаз немесе электрондық тасығышта «СҚО әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ-нің әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы Жандос Мұхаметжанұлы Дюсембиннен тел.: 8-715-2-46-62-58 ала алады.

Анықтамалық ақпаратты «СҚО әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ-нен 8-715-2-46-62-58 телефоны арқылы алуға болады.

Дата публикации
03 августа 2020
Дата обновления
03 августа 2020
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының конкурстық комиссиясы қорытынды отырысының 2026 жылғы 13 қазандағы № Р-2026-16G хаттамасынан үзінді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы