Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік-экономикалық даму

Солтүстiк Қазақстан облысында дене шынықтыру және спорттың даму жағдайы туралы 2023 жылдың қорытындысы бойынша ақпарат

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 223 345 адам немесе облыс тұрғындарының 42% жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 8 288 адамға немесе 1,8%-ға (2022 жылдың аяғында 215 057 адамға немесе 40,2%) артқан.

Облыста 240 мыңға жуық адамды қамтыған 1200-ден астам бұқаралық спорттық іс-шара өткізілді. Облыстық халық спорт ойындары аясында 2023 жылы 5 мыңнан астам адам қатысқан мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Надежда» облыстық спартакиадасы, «Ақ бидай» облыстық жазғы спорттық мерекесі, ұлттық спорт түрлерінен «Қызылжар» фестивалі, жастар арасында «Жастар» облыстық спартакиадасы, «Солтүстік» қысқы спорт мерекесі өткізілді.

Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға көбірек қамту мақсатында, облыста

27 БЖСМ, жоғары спорт шеберлігі мектебі, облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған  мектеп-интернат-колледжі, олимпиада резервін даярлау орталығы, БЖСМ-мен жұмыс жөніндегі облыстық дене шынықтыру-спорт орталығы, 11 БЖДДК және 25 аула клубтары жұмыс істейді, оған 8 мыңнан астам адам айналысады.

Мемлекеттік спорттық тапсырыспен спорттың 15 түрі бойынша 2917 мыңнан астам бала қамтылды (каратэ, дзюдо, таеквондо, бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, футбол, жүзу, көркем гимнастика, спорттық би, теннис, үстел теннисі, шахмат, волейбол, баскетбол), олармен 30 өнім беруші жұмыс жүргізеді. Облыс бойынша өнім берушілер алдында берешек жоқ.

Өңірде дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысу үшін 2 126  спорт ғимараты жұмыс істейді.

Халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 53,88% құрайды.

2023 жылы: 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында, Есіл ауданының Явленка ауылында, Ғ.Мүсірепов ауданының Новоишимское ауылында). 3 спорт залы және 9 жапсарлас спорт залы (3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу кезінде) 3 жабық хоккей корты (Шал ақын ауданы, Ақжар ауданы, Тайынша ауданы); 22 футбол алаңы (Ақжар ауданы-5, Қызылжар ауданы-5, Айыртау ауданы -4, аудан, Уәлиханов ауданы-4, Мамлют ауданы-1, Тайынша ауданы-1, Петропавл қаласы -2),4 спорт алаңдары (Ақжар ауданы -2, Қызылжар ауданы -2) пайдалануға берілді.

2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда (Тайынша ауданы Келлеровка ауылында және Петропавл қ. Береке ш/а), 3 жабық хоккей корты (Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы, Жамбыл ауданы Пресновка ауылы, Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылы), Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылындағы жүзу бассейні.

Петропавл қаласындағы мектеп-интернат-колледжінің өскелең спортшыларына арналған 244 орындық жатақхананың және Жамбыл ауданы Пресновка ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталу сатысында.

 Петропавл қаласында үстел теннисі орталығының құрылысы басталды. Ағымдағы жылы Мамлют ауданының Мамлютка қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін және Қызылжар ауданы Бескөл ауылында жабық хоккей кортын салуға қаржы бөлінді, конкурстық рәсімдер жүріп жатыр.

Республиканың ұлттық құрама командаларының құрамына спорттың әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстың 431 өкілі кіреді. 2023 жылы облыс жаттықтырушылары: 10 ХДСШ; 66 СШ; 410 СШҮ дайындады. Облыс спортшылары Әлем, Азия чемпионаттарында, әлем кубоктарында, халықаралық және республикалық турнирлерде әртүрлі дәрежедегі 900-ке жуық медаль жеңіп алды.

Солтүстік Қазақстан облысының волейболшылары сәтті өнер көрсетіп, «Қуаныш» әйелдер волейбол клубы алғаш рет әйелдер командалары арасында волейболдан Қазақстан Республикасы кубогының алтын медалін жеңіп алды, ал «Есіл» ерлер волейбол клубы екінші орынды иеленді.

 «Барс» баскетбол клубы жоғары лига командалары арасында өткен баскетболдан Қазақстан Республикасының күміс жүлдегері атанды.

Солтүстікқазақстандық спортшылар жыл сайын республикалық және халықаралық аренада жақсы өнер көрсетіп келеді. Оның ең маңыздылары: парашаңғы спортынан алғаш Әлем чемпионы атанған Хамитов Ербол, сондай-ақ  ағымдағы айда әлем кубогы кезеңінде ол парабиатлонда қола жүлдеге ие болды, грек-рим стилінің балуаны Бекболатов Аманғали әскери қызметшілер арасында әлем чемпионы. Дзюдодан Азия ашық чемпионатының чемпионы Назгүл Маратова, 20 жасқа дейінгі грек-рим күресінен Азия чемпионы, 23 жасқа дейінгі Азия чемпионатының күміс жүлдегері Евлоев Ислам. Шумекова Инесса конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогы кезеңдерінің 2 алтын медалін, ересектер арасында командалық спринтте қола, Кристина мен Алина Шумековалар жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының командалық спринтінде күміс және командалық жарыста қола жеңіп алды.

Солтүстікқазақстандық спортшылар Жазғы Азия және Параазиялық ойындарда сәтті өнер көрсетті, Алексей Луценко жеке жарыста алтын және топтық жарыста күміс медаль жеңіп алды, осылайша Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы атанды, Захаров Артем велотректе қола, Богданова Наталья бокста қола, Залезняк Иван пара жеңіл атлетикада (ядро лақтыру) қола медаль жеңіп алды.. Сондай-ақ, велошабандоздар Азия чемпионатында  жақсы нәтиже көрсетіп Үмітжанова Махаббат алтын алса, юниорларымыз Подлужный Михаил мен Бейсембаев Мансур аралас эстафетада бірінші орынға ие болды, Аусағитов Алтынбек қазақ күресінен Әлем кубогының жеңімпазы атанып,Тимофеев Виктор аударыспақтан Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. «Қызылжар арландары» клубының спортшылары да қазақ күресінен өткен  айтулы «Дала қырандары» республикалық турнирінде табысты өнер көрсетіп, жерлесіміз Еркебұлан Қалымбеков 55 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанса, Қайырбек Батырхан 74 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды және «Дала қыраны» атағын жеңіп алды.

Бүгінгі таңда Париж қаласында (Франция) 2024 жылғы Олимпиада ойындарына арналған екі лицензияны топтық жарыста және жеке велоспорттан Луценко Алексей жеңіп алды, сондай-ақ біздің облыстан үміткерлер велосипед спорты Артем Захаров, жеңіл атлетика Михаил Литвин, еркін күрес Нұрқожа Кайпанов, бокс Наталья Богданова, дзюдо Назгүл Маратова, грек-рим күрес Данияр Каленов, брейкинг Амир Закиров.

Дата публикации
04 января 2023
Дата обновления
30 июля 2025
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының конкурстық комиссиясы қорытынды отырысының 2026 жылғы 13 қазандағы № Р-2026-16G хаттамасынан үзінді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы