Жоспардың 2 тармағы бойынша: 2020 жылға мониторинг жүргізу барысында СҚО әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасында (бұдан әрі – Басқарма) мүдделер қақтығысы анықталған жоқ;
Жоспардың 4 тармағы бойынша: басқарма басшысының 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 180 бұйрығы негізінде Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдау жүргізу барысында басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде, сондай-ақ оның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Жұмыс тобы Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне жүгінуді ұсынды:
«Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м. а. 2015 жылғы 9 маусымдағы № 209 бұйрығымен бекітілген «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінде «ішінде» деген сөзді алып тастай отырып;
«Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 97 бұйрығымен бекітілген «Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінде «көп емес», «кеш емес» сөздерін алып тастай отырып;
«Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінде «ішінде» деген сөзді алып тастай отырып.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 9 маусымдағы № 209 бұйрығымен бекітілген «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру қағидаларының 1-қосымшаның тақырыбында атауы осы Ережеге сәйкес келмейтін ереже көрсетілгені атап өтілді.
Жоғарыда көрсетілген ұсынымдарды орындау үшін басқармамен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне (бұдан әрі – Комитет) 2020 жылғы 7 қазанда № 32.1-23/1406 тиісті шығыс хаты жолданды.
Комитетпен 2020 жылғы 5 қарашадағы № 14-11-12/КС-2220 шығыс хатымен жауап жолданды:
бірінші ұсыным бойынша, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшыларын тағайындау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кірмейді;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарындағы дискрециялық мерзімдерді алып тастау жөніндегі екінші ұсыным нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу кезінде ескерілетін болады.
Жоспардың 5 тармағы бойынша: мониторинг барысында 2020 жылы басқармадағы кадрлардың ауысуы 3 адамды құрады, бұл 18,7%, таза ауысымдылық 1 адам – 6,25%;
Жоспардың 10 тармағы бойынша: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) СҚО бойынша департаменті басқарма басшысымен және спорт саласының ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларымен бірлесіп, 2020 жылғы 14 мамырда «Спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және бағыныстылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін басшылардың жауапкершілігі» атты онлайн кеңес өткізді.
Әлеуметтік желіде 2020 жылдың 1 маусымында еркін күрестен Азия чемпионы Н. Қайпановтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы челленджі басталды.
«Молодежная – Жастар» газетінде 2020 жылғы 25 маусымда «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету» мақаласы жарияланды, бұл мақала 2020 жылғы 29 маусымда әлеуметтік желіде де орналастырылды.
2020 жылғы 29 маусымда басқарма ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын сақтау бойынша онлайн-кеңес өткізді.
2020 жылғы 28 қыркүйекте СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының басшысы мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде басқарманың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында онлайн семинар өткізді.
2020 жылғы 22 желтоқсанда басқарма ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» тақырыбында онлайн-семинар өткізді, онда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департамент инспекторы баяндама жасады.
Жоспардың 16 тармағы бойынша: Басқарманың ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі жұмыс істейді, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу туралы ақпарат жаңартылып, басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама орналастырылды (талданатын кезең 2019 жылғы 1 қазаннан 2020 жылғы 31 тамызға дейін).
Жоспардың 18 тармағы бойынша: Басқарманың ресми сайтында «Спорт бюджеті» бөлімі «Бюджет қаражатын жоспарлау және игеру» кіші бөлімі жұмыс істейді, онда 2020 жылға арналған төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, 2020 жылға арналған «Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы» ББӘ-285 бойынша бюджеттің атқарылуын талдау орналастырылған.
2018-2020 жылдарға арналған спортты дамытуға бағытталған шығыстарды қаржыландыру туралы ақпаратты басқарма веб-порталдың «Ашық үкімет» модулінің және «электрондық үкімет» шлюзінің «Ашық бюджеттер» компонентіне орналастырады.
Басқарма «Ашық бюджеттерге» бюджеттік бағдарламалар жоспарын және барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша 2019, 2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді енгізді (001, 002, 003, 006, 007, 096, 032, 010, 108, 113, 115).
Жоспардың 21 тармағы бойынша: Басқарманың ресми сайтында 2020 жылы СҚО-да ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат жарияланды;
Жоспардың 25 тармағы бойынша: Басқарманың ресми сайтында «Спорт бюджеті» бөлімі «Мемлекеттік сатып алу» кіші бөлімі жұмыс істейді, онда 2020 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары, 2020 жылға арналған мемлекеттік сатып алуды өткізу нәтижелері орналастырылған.
Жоспардың 2-тармағы бойынша: 2019 жылғы мониторинг барысында Басқармада мүдделер қақтығысы анықталған жоқ;
Жоспардың 4 тармағы бойынша: басқарма басшысының 2019 жылғы 10 қыркүйектегi № 279 бұйрығы негiзiнде басқарма қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзiлдi.
Iшкi талдау жүргiзу барысында дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде сыбайлас жемқорлық тәуекелiн тудыратын жағдайлар белгiленген.
«Электрондық үкiмет» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 139 бұйрығымен бекiтiлген «Балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiне, мүгедектерге арналған спорт мектептерiне құжаттар қабылдау», «Олимпиадалық резервтiң республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерiне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарға құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарына өзгерiстер енгiзу туралы мәселенi қарау ұсынылған сыбайлас жемқорлық тәуекелiн тудыратын жағдайларды болдырмау мақсатында басқарма Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетiне 2019 жылғы 7 қарашадағы № 32.1-23/2589 хаты жолданды.
Жоспардың 5-тармағы бойынша: мониторинг барысында 2019 жылы басқармада кадрлардың ауысуы 4 адамды құрады, бұл 25% құрайды, таза ауысуы 1 адам — 6,25%;
Жоспардың 10 тармағы бойынша: басқарма «SOLTUSTIK QAZAQSTAN» газетiнде 2019 жылы 10 қаңтарда «Адалдық — ардың iсi» атты мақала жарияланды.
2019 жылғы 20 желтоқсанда Басқарма iс-шара өткiздi, онда мемлекеттiк қызметшiлер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер және толықтырулармен таныстырылған «1424» фильмiн көрсетiлдi.
Басқарманың жалпыға қолжетiмдi орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ақпараттық парақтар орналастырылған.
Жоспардың 16-тармағы бойынша: Басқарманың ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл» бөлiмi жұмыс iстейдi, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-шараларды өткiзу бойынша ақпарат жаңартылып, Басқарма қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне жүргiзiлген iшкi талдау бойынша талдау анықтамасы орналастырылған. Басқарма басшысының, басшының орынбасарының, бөлiм басшыларының және жеке табыс салығы мен мүлiк жөнiндегi декларацияларынан мәлiметтер жарияланды.
Жоспардың 18-тармағы бойынша: Басқарманың ресми сайтында «спорт бюджетi» бөлiмi «бюджет қаражатын жоспарлау және игеру» кiшi бөлiмi жұмыс iстейдi, онда: 2020 жылға бекiтiлген қаржыландыру жоспары, ББӘ-285 «Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы» бойынша 2019 жылға арналған бюджеттiң атқарылуына талдау орналастырылған.
Жоспардың 21-тармағы бойынша: Басқарманың ресми сайтында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және СҚО көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл бойынша 2018-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын орындау бойынша есеп жарияланды;
Жоспардың 25-тармағы бойынша: Басқарманың ресми сайтында «спорт бюджетi» бөлiмi «мемлекеттiк сатып алу» кiшi бөлiмi жұмыс iстейдi, онда 2019 жылға арналған мемлекеттiк сатып алу жоспары және 2019 жылға арналған мемлекеттiк сатып алуды өткiзу нәтижелерi орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы
Дене шынықтыру және спорт басқармасымен басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерi және ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекет жөнiндегi шараларды күшейту бойынша тұрақты және мақсатты жұмыс жүргiзiледi.
Солтүстiк Қазақстан облысында ҚР 2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2025 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын орындау барысында:
Басқармада 2018 жылғы 03 қыркүйектен 05 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзiлдi;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекет жөнiндегi –iсшаралар, сондай-ақ 2016 жылға арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексiн сақтау жоспарын орындау мақсатында мынадай жұмыстар жүргiзiлдi:
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП-ның Сыбайлас жемкорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзiнен
Мемлекеттiк қызметшi келесi этикалық нормалары басшылыққа алуы тиiс:
Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi Министрлiгiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының ресми интнернет-ресурсынан табуға болады: http://anticorruption.gov.kz.