Меню

Страницы

Статья

Мүгедектігі бар адамдарға БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері туралы

БЖЗҚ өз салымшыларына (алушыларына):

міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі,

ерікті зейнетақы жарналары және тобы мен мерзіміне қарамастан мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебінен белгіленген кесте бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толғанға дейін зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екені туралы хабарлайды.

Салымшыға (алушыға) өзінің мәртебесін растайтын құжаттарды көрсетудің қажеті жоқ. БЖЗҚ салымшының (алушының) Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңына сәйкес берілетін келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" ақпараттық жүйесінен мәліметтерді веб-сервис арқылы сұрау жолымен мүгедектіктің (тобы, белгіленген мерзімі) болуын дербес тексереді. Бұл әрекет Еңбек министрлігі, Мемлекеттік корпорация және БЖЗҚ арасында жасалған келісім шеңберінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" арқылы жүзеге асырылады.

Зейнетақы жинақтары төлеміне өтінішті БЖЗҚ-ға enpf.kz сайты, кеңсеге жеке жүгіну немесе сенім білдірген тұлға, сондай-ақ, пошта арқылы беруге болады.

Өтінішті enpf.kz сайты арқылы беру туралы толық нұсқаулықты осы жерден көруге болады.

БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға барып қызмет көрсету ұйымдастырылғанына назар аударамыз. Бұл ретте алдын-ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді қашықтықтан, Қор кеңсесіне бармай-ақ алу мүмкіндігіне тексеру жүзеге асырылады.

Дата публикации
12 мая 2023
Дата обновления
12 мая 2023
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
19 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының конкурстық комиссиясы қорытынды отырысының 2026 жылғы 13 қазандағы № Р-2026-16G хаттамасынан үзінді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы