«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауының аудандық кезеңін ұйымдастыру және өткізу ЕРЕЖЕСІ

«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»  республикалық байқауының  аудандық кезеңін ұйымдастыру және өткізу  ЕРЕЖЕСІ

«БЕКІТІЛДІ»

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ _________________С.А.Нұрсейітова

2025 жыл «___» _____________

 

 

«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»

республикалық байқауының

аудандық кезеңін ұйымдастыру және өткізу

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауының аудандық кезеңін (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) байқауға қатысу және жеңімпаздарды, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
  2. Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу жолдарын насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын қадағалау.
  3. Байқаудың міндеті – облыстық, аудан/қала аумағындағы масс-медиада жарияланатын квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) жарнама мәтінін әзірлейтін мамандарды, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілерді және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтарды ынталандыру.

 

  1. Байқауды ұйымдастыру тәртібі

 

  1. Байқауды ұйымдастырушы - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ (бұдан әрі – Бөлім).
  2. Байқау аясында қоғаммен, квазимемлекеттік сектормен, жергілікті кәсіпкерлік субъектілерімен (шағын, орта және ірі бизнес) байланыс орнатылады.
  3. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2025 жылғы 3 сәуірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ (облыс, қала, аудан,) интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына орналастырылады.

 

 

 

 

 

 

  1. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.

Қазылар алқасының құрамын Бөлім анықтайды.

Қазылар алқасының құрамына үш адамнан тұратын филолог ғалымдар, қоғам белсенділері, журналистер кіреді.

  1. Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардан түскен материалдар негізінде ашық дауыс беру арқылы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

  1. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.

 

  1. Байқауға қатысу тәртібі

 

  1. Байқауға квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) жарнама мәтінін әзірлейтін мамандар, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар қатыса алады.
  2. Байқауға қатысушылар:

1) Ережеге қосымша берілген нысанда Байқауға қатысуға өтінімді:

2) жарнама мәтінін әзірлейтін мамандар 2024 жылдың 1 қазанынан бастап әзірлеген және аударған жарнама мәтіндерінің тізбесін;

3) тауар өндіруші:

- өзі шығаратын барлық тауарлардың толық тізбесін және тізбеге қоса арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалардың (этикеткалардың), таңбаламалардың, нұсқаулықтардың фотосуреттерін;

- ғимараттта немесе тұрғынжайда орналастырылған хабарландырудың, жарнаманың, прейскуранттың, баға көрсеткiшінің, ас мәзірінің, нұсқағыштың және басқа да көрнекi ақпараттың фотосуреттерін;

4) азаматтар жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуын қадағалап, тіл нормасы бұзылып ресімделген жарнамаларды, деректемелер мен көрнекі ақпаратты және стильдік қатемен берілген аудио/ бейнежарнамаларды анықтап, ұсыныс беру арқылы түзетілген жұмыстарды жинақтап, дәлелдейтін құжаттарды (масс-медиадағы жарнамалардың сілтемелері немесе скриншоттары, баннер немесе билбордтағы фотосурет, келісілген жарнама үлгілері, жарнама мәтінінің түзетілгенін растайтын дейін/кейін фотоесеп және тағы басқа құжаттар) жолдауы керек.

  1. Байқауға қатысушылар өтінімдері мен жинақтаған материалдарын Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ ағымдағы жылғы 15 сәуірге дейін өткізуі қажет.

 

 

  1. Байқау қорытындысы

 

  1. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
  2. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау өткеннен кейін 10 күн ішінде Бөлімнің ресми интернет-ресурсына және әлеуметтік желілердегі парақшаларына орналастырылады.
  3. 1 орын алған жеңімпаздың жұмыстары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастыратын республикалық конкурсқа жолданады.

         Байланыс телефондары: 8(71534) 2-20-53, 87088661096

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»

республикалық байқауының

облыстық кезеңін  ұйымдастыру

және өткізу ережесіне қосымша

 

1-нысан

 

 

«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»

аудандық кезеңіне қатысуға

өтінім

 

 

  1. Кәсіпкерлік субъектісінің атауы____________________________________
  2. Мекенжайы______________________________________________
  3. Байланыс телефондары_____________________________________
  4. Қосымша ақпарат ________________________________________

 

                                                                                                        Басшының қолы

 

                                                                                                                 Күні