Хабдулин Қалымжан Сәдуақасұлы 1923 жылы 23 наурызда Көкшетау облысы Айыртау ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген.
1942 жылы Көкшетау облысының Арық — Балық орта мектебін бітірген. 1943 жылдың наурызынан 1945 жылдың маусымына дейін Кеңес Әскері қатарында болды. 116 ФБХЗ, 2 — Беларусь майданында қатардағы жауынгер болды. 2-ші Беларусь майданының 48-ші әскерінің құрамында Бобруйск, Минск қалаларын азат ету үшін шайқастарға қатысты. 1944 жылдың қазан айында Польша Халық Республикасының аумағын азат ету кезінде шайқаста контузия алды.
Майданда жаралану себебінен демобилизацияланды, Ұлы Отан соғысының 2 — топтағы мүгедегі. 1945 жылдың маусымынан 1946 жылдың мамырына дейін денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істемеді және осы уақытта Көкшетау облысы Арық-Балық ауданы «Искра» колхозында тұрды. Майданға қатысқаны үшін К. С. Хабдулиннің үкіметтік наградалары бар: «3 дәрежелі Даңқ» ордені, «Германияны жеңгені үшін», "Ерлігі үшін» медальдары.
1946 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында Арық—Балық ауданында бақылаушы-ревизор, кейін 1947 жылдың қыркүйегіне дейін аудандық кеңестің нұсқаушысы болып жұмыс істеді. 1947 жылдың 1 қыркүйегінен 1948 жылдың 2 желтоқсанына дейін Алматыда екі жылдық Заң мектебін «Заңгер» мамандығы бойынша оқып шықты. 1948 жылдың желтоқсанынан 1951 жылдың 23 желтоқсанына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданының 2-ші учаскесінің халық судьясы болып жұмыс істеді. 1951 жылғы 23 желтоқсаннан 1954 жылғы 12 желтоқсанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының 2 — ші учаскесінің халық судьясы. 1952 жылы КОКП мүшелігіне кірді. 1954 жылғы 12 желтоқсаннан 1957 жылғы 15 желтоқсанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданының 1— ші учаскесінің халық судьясы. 1957 жылғы 15 желтоқсаннан бастап 1965 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданының халық судьясы. 1963 жылы К. С. Хаблулин ҚазМУ заң факультетін сырттай бітірді.
1965 жылғы 20 желтоқсаннан 1984 жылғы шілдеге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы халық сотының төрағасы.
Қ. С. Хабдулин 35 жылдан астам халық судьясы лауазымында жұмыс істеп, жұмыс кезеңінде өзін жауапты, адал қызметкер ретінде көрсетті. Сот органдарындағы ұзақ және мінсіз жұмысы үшін Қ.С. Хабдулин жоғары Үкіметтік награда – «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды.
1984 жылы шілдеде Қ.С. Хабдулин зейнеткерлікке шықты. Үйленген, 4 бала тәрбиелеген, 2 ұл және 2 қыз. 2006 жылы 16 қаңтарда қайтыс болып, Петропавл қаласында жерленген.