Үмітбаев Қажымұрат 1897 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Баян ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1912 жылы қарапайым жұмысшыдан бастаған. 1930 жылы «Жетістік» колхозының ферма меңгерушісі, 1932 — 1935 жж. «Баян» колхозының төрағасы, 1939 — 1941 жж. Баян МТС-ның директоры, 1941 — 1945 жж. «Баян» колхозының төрағасы, 1946 — 1950 жылдары Ленин, қазіргі Есіл ауданы «Жарғайын» колхозының төрағасы, 1950 — 1954 жылдары сол ауданның «Еңбек» колхозының төрағасы. Ұлы Отан соғысы жылдарында танк колоннасын салуға өзінің жеке жинақтарынан 60 мың рубль бөлді. Қазақстан Компартиясы ОК Үмітбаевтың атына келесі жеделхатты жолдады: «Қазақстан КП (Б) ОК Сізге алғыс айтады, Жолдас Үмітбаев, Қызыл Армияға көрсеткен қамқорлығы үшін — танк калоннасын салу үшін жеке жинағыңыздан 60 мың рубль бергеніңіз үшін Қызыл Әскердің неміс-фашистік басқыншыларға одан да қатты соққы беруге көмектеседі». 1987 жылы қайтыс болды.
«Қызыл Жұлдыз», «Құрмет Белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған.