Меню

Страницы

Статья

Қуанышев Уәлихан Қуанышұлы

1930 жылы 8 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Жамбыл ауданы Киров ауылында дүниеге келген. Кеңес Әскері қатарында мерзімді қызметін аяқтап, Петропавл техникумына оқуға түсіп, 1953 жылы Омбы ауылшаруашылық институтында оқуын жалғастырды. Еңбек жолын Тимирязев ауданының Степной ауылында бастап, содан кейін Сергеев ауданының Нопопокровка ауылында бас агроном болып жалғастырады, кейін Жаңажол ауылына совхоз директоры болып ауыстырды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін арнайы ПМК -3жұмыс-те басшылық қызметте болды. Еңбек жолында Еңбек Қызыл Ту орденімен, үш медальмен марапатталған.

Құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін де Шал ақын ауданының қоғамдық өміріне белсенді қатысты, ардагерлер кеңесінің төрағасы болып, ардагерлер кеңесінің жастармен жұмыс жөніндегі комиссиясының басшысы болды, өскелең ұрпақты адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу бойынша белсенді жұмыс жүргізді, әдеби қызметпен айналысты. Аудандық мешіттің құрылысына белсене қатысты, алғашқылардың бірі болып, Шымкент қаласына 4 жас жігітті медресеге оқуға апарды, олар қазір облысымыздың мешіттерінде имам болып жұмыс істейді. «Бар өмірін халқына қызмет етуге арнаған» атты кітабын жазды.

Дата публикации
18 октября 2022
Дата обновления
18 октября 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы