Меню

Страницы

Статья

Жастар саясаты

Жастар бастамалары Орталығының жұмысы туралы

Сергеевка қаласында «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Жастар бастамаларының орталығы ашылды. Ендi Шал ақын жастарында өзiнiң маңызды мәселелерiн шешу үшiн бiр-бiрiмен кездесiп, әңгiмелесетiн орын бар.

Жастар бастамаларының орталығы кездейсоқ ашылған жоқ. Бiрiншiден, бұл жас адамдарға әр түрлi бағыттар бойынша кеңес беретiн және оларға қажет көмек көрсететiн әлеуметтiк қызмет болып табылады. Екiншiден, бұл барлық деңгейде (орталық, облыстық, қалалық, аудандық) жастар үшiн ресурстық орталықтарды құруды қарастырартын 2020 жылға дейiнгi Мемлекеттiк жастар саясатының концепциясында қойылған тапсырмаларды iске асырудың қолайлы тәсiлi.

Жастар бастамалары орталығының негiзгi мәнi жастарға және жастар бiрлестiктерiне келесi бағыттар бойынша тегiн ресурстарды ұсыну және көмек көрсету болып табылады:

  • психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
  • құқықтық қорғау және заңгерлiк кеңес беру;
  • ақпараттық-кеңестiк және әдiскерлiк көмек көрсету;
  • оқыту қызметтерi және iс-шараларды өткiзу бойынша қызметтер көрсету;
  • жастар бастамаларын қолдау.

Және де, жастар арасында қылмыстықты, жұмыссыздықты алдын алу және басқа да әлеуметтiк мәселелер бойынша Орталықпен әлеуметтiк зерттеулердiөткiзу жоспарлануда. Жұмысқа ораналастыру және басқа да әлеуметтiк мәселелер бойынша жастар ортасында ақпараттық-түсiндiру жұмыстары өткiзiлiп, қиын өмiрлiк жағдайдағы жас адамдарға кеңестiк қызметтер көрсетiлiп жатыр. Нәтижесiнде, жас адамдарды ауданның қоғамдық өмiрiне қатыстыру болып табылады.

Шолпан Құсаинова, орталық директорының м.а.: Орталықтың мақсаты мемлекеттiк және аймақтық жастар саясатының негiзгi бағыттарын жүзеге асыру болып табылады, оның iшiнде, жастар бастамаларын дамыту және қолдау үшiн жағдай жасау; жастар ортасындағы бейәлеуметтiк жағдайды алдын алу; жас отбасыларды, жас кәсiпкерлердi, әлеуметтiк осал санаттағы жастарды және студенттердi қолдау механизмiн қалыптастыру.

Бұрын бiздiң қалада жастар өз мәселелерiмен, бастамаларымен барып кеңес алатын жер болған жоқ. Әсiресе ауыл жастарында шешiлмеген түйiндi мәселелер көп. Олардың ең маңыздысы — жұмыссыздық. Орталықтың мамандары жұмыс берушiлермен белсендi келiссөздер өткiзiп, жалпы бос орындар базасын жасау жоспарлануда. Жастар бастамалары орталығында тек жұмысқа орналасу мүмкiншiлiгi ғана емес, әр түрлi бағыттар бойынша кеңестер алуға, жастармен әңгiмелесуге, iс-шаралар өткiзуге және т.б. мүкiншiлiктер бар. Және бұның бәрi тегiн.

Осы жағдайды пайдаланып, менiң аудан жастарына айтарым, креативтi, позитивтi және идеяларға толы жас адамдар бiздiң Жастар бастамаларының орталығына хабарласыңыздар. Бiрге бiздiң ауданның жастар өмiрiн маңызды және қызықты жасайық!

Телефон:8 705 576 15 92
e-mail: azk1989@mail.ru, cmi.shalakyn@mail.ru

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы