Меню

Страницы

Статья

Жаңа жылдық сыйлық ретінде – Цифрлық ХҚО

Бүгiн Петропавлда Цифрлық ХҚО ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң басшысы Елена Степаненко, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Мадияр Қожахмет және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Серiк Бейсенов қатысты.

Цифрлық ХҚО — бұл «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының құрған Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа үлгiдегi фронт-офисi. Азаматтар өз бетiнше, операторлардың көмегiнсiз өздерiне қажеттi қызметтердi ала алады. Келушiлердiң мұнда цифрлық сауатын арттыру мүмкiндiгi бар. Орталық кiреберiсiнде бөлiм қызметкерi кеңес беретiн ресепшн орналасқан, келушiлер күту секторында жайлы жиһазда отырып, цифрлық қызметтер туралы медиа ақпаратпен таныса алады. Мұнда, сондай-ақ өзiне-өзi қызмет көрсету — ConnectionPoint секторы бар, онда келушiлер өз бетiнше мемлекеттiк қызметтердi ала алады.

«Цифрлы ХҚО — бұл өңiр тұрғындары оператор мамандардың қатысуынсыз өз бетiнше электрондық мемлекеттiк қызметтердi ала алатын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жаңа нұсқадағы фронт-офисi. Цифрлық қызметтер орталығының жұмысы толығымен автоматтандырылған. Азаматтар электрондық цифрлық қолтаңба көмегiмен мемлекеттiк қызметтердi өз беттерiнше алып, керектi анықтамаларды өздерiнiң электрондық поштасына жолдай алады. Ал осы цифрлық қолтаңбаны қолдану тәртiбiн бiлмейтiндер үшiн арнайы цифрлық сауаттылық курстары өткiзiледi», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Серiк Бейсенов.

Анықтама үшiн:

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы 2018 жылы өңiр тұрғындарына 859 мың мемлекеттiк қызмет көрсеттi, оның 329 мыңы электрондық түрде. Сонымен қатар 2018 жылы аймақта egov.kz электрондық үкiмет порталы арқылы өз бетiнше қызмет алу үшiн 179 мың электрондық цифрлық қолтаңба берiлдi. Цифрлық ХҚО М. Әуезов көшесi, 157 мекенжайында орналасқан.

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы