
Елiмiздiң 11 облысы бойынша 19 аудандық және 3 қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы аймақ тұрғындары жүргiзушi куәлiгiн ауыстыра алды. Онда көлiктi тiркейтiн және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру жұмыстарымен айналысатын аудандық әкiмшiлiк полицияның тiркеу-емтихан алу бөлiмiнiң мамандары қызмет көрсетедi. 2018 жылы аталған аудандық ХҚО-лар арқылы 12 мыңдай көлiк жүргiзушiсiнiң куәлiгi берiлген.
Бұл секторлар арқылы азаматтар мерзiмi бiтуге таяу жүргiзушi куәлiгiн жаңасына алмастыра алады, бұл ретте тиiстi емтихандарды тапсырып, медициналық тексерiстен өтудiң қажетi жоқ. Аймақ тұрғындары көлiк жүргiзу құжатын жоғалтқан жағдайда аталған ХҚО-ларда уақытша құжат ала алады. Оның жарамдылық мерзiмi 1 ай, кейiн «жоғалғанның орнына» белгiсiмен жаңа көлiк жүргiзу куәлiгi берiледi.
Бұл ретте көлiк жүргiзу құқығынан айырылған тұлғалар жүргiзушi құжатын қалпына келтiру үшiн тиiстi емтихандарды тапсыру керектiгiн еске саламыз.
Сондай-ақ астаналық көлiк иелерiнiң назарына жүргiзушi куәлiгiн мамандандырылған ХҚО-дан бөлек Тәуелсiздiк даңғ., 32 мекенжайындағы ХҚО-да алмастыруға болатынын хабарлаймыз.
Бұдан бөлек, көлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн онлайн ауыстыру қызметiнiң электрондық үкiмет порталы арқылы жүзеге асыруға болатынын еске саламыз. Бұл үшiн көлiк жүргiзушiсiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы шарт. Портал арқылы өтiнiшпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суретi де жолданып, баж салығы төленедi. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң, (мобильдi азаматтар базасына тiркелген жағдайда хабарлама SMS түрiнде келедi) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын жүргiзушi куәлiгiн алып кетуге болады.
Жүргiзушi куәлiгiн ауыстыруға болатын аудандық ХҚО мекенжайлары
| Облыс атауы | Аудан атауы | Облыс атауы | Аудан атауы |
| Алматы облысы | Еңбекшіқазақ ауданы | Қызылорда облысы |
Қазалы ауданы |
| Ақмола облысы | Есіл ауданы | Жалағаш ауданы | |
| Ақкөл ауданы | Арал ауданы | ||
| Степногорск қаласы | Жаңақорған ауданы | ||
| Жамбыл облысы | Сарысу ауданы | Қармақшы ауданы | |
| Талас ауданы | Шиелі ауданы | ||
| ШҚО | Жарма ауданы | Павлодар облысы | Ақсу қаласы |
| БҚО | Қазталов ауданы | СҚО | Тайыншы ауданы |
| Бөрілі ауданы | Маңғыстау облысы | Бейнеу ауданы | |
| Қарағанды облысы | Қарқаралы ауданы | Түркістан облысы | Түркістан қаласы |
| Осакаров ауданы | Сайрам ауданы |