Меню

Страницы

Статья

Электрондық үкімет негіздері мектепте үйретіледі

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бастамасымен информатика пәнi бағдарламасына «электрондық үкiмет порталы» бөлiмдерi енгiзiледi. Мемлекеттiк корпорацияның бұл ұсынысын ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi қолдап, тиiстi бұйрыққа Ерлан Сағадиев қол қойды. Осылайша, 11-сынып оқушыларының оқу бағдарламасына қажеттi өзгерiстер ендiрiледi.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес, орта, техникалық және жоғары кәсiби бiлiм беру ұйымдарында цифрлық сауаттылықты арттыру қажет. Балалар мектеп жасынан-ақ цифрлық технологиялардың тiлiн түсiнiп, түрлi электрондық жүйенi қолдануды үйренуi тиiс. Осы орайда, 11-сынып оқушылары ақпараттық технологиялар мен ондағы қауiпсiздiк сабақтары аясында электронды үкiмет порталының жұмыс iстеу алгоритiмiн бiлiп, электрондық құжаттар, цифрлық қолтаңба сияқты терминдермен танысып, мемлекеттiк қызметтердi электрондық форматта алу үрдiсiн үйрене алады.

«Орта есеппен жыл сайын мектептi 140 мың оқушы тәмамдайды десек, мемлекеттiк қызметтердi ХҚО-ға бармай-ақ алуды бiлетiн «цифрлық» ұрпақ саны жыл өте көбейiп отырады. Оның үстiне, ол балалар ата-аналарына, ата-әжелерiне электронды үкiмет порталын қолдануға көмектесе алады. Бұл халық арасында цифрлық сауаттылық көрсеткiшiнiң артуына, сөзсiз, әсер етедi», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Айта кетейiк, бүгiнде елiмiздiң 16 өңiрiнде ашылған Цифрлық ХҚО арқылы тегiн «Цифрлық сауат ашу» курстарына қатысып, электрондық үкiмет порталымен жұмыс iстеу дағдыларын үйренуге болады. Осы күнге дейiн 5 мыңнан астам адам аталмыш курстардан өтiп, тиiстi сертификаттар алған. Оған қоса, 2018 жылы мемлекеттiк корпорацияның ұйымдастыруымен «Электрондық үкiмет және электрондық мемлекеттiк қызметтер» курсынан жергiлiктi атқарушы органдардың 3500 өкiлi өттi. Олар, өз кезегiнде, жаттықтырушы мәртебесiн алып, алған бiлiмдерiн 686 мың азаматқа үйреттi.

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы