
2018 жылы «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 6 млн аса электрондық цифрлық қолтаңба рәсiмдедi. Бұл 2017 жылғы көрсеткiшпен салыстырғанда 1,4 млн. артық.
Берiлген ЭЦҚ санының артуы электронды үкiмет порталын пайдаланушы азаматтардың көбейгенiн бiлдiредi.
Бұл ретте ХҚО-дағы өзiне-өзi қызмет көрсету секторы — Connection Point арқылы азаматтардың өз бетiнше алған электронды қызметтер саны 2018 жылы 12% өсiп, 12 млн. құрады.
Мемлекеттiк корпорацияның 2018 жылғы қорытынды есебiне сәйкес, 32 млн. мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 17% аз көрсеткiш.
Бұл дегенiмiз мемлекеттiк қызметтердi халыққа қызмет көрсету орталықтарынан емес, онлайн форматта өз бетiнше алатын азаматтардың саны артқан.
Айта кетейiк, 2018 жылы Алматы мен Астана қалалары, Түркiстан облысының тұрғындары ең көп ЭЦҚ рәсiмдеген. Мәселен, алматылықтар 803 мың, Түркiстан облысындағылар 738 мың және астаналықтар 523 мыңнан аса электрондық цифрлық қолтаңба алған.
2018 жылы рәсiмделген электронды цифрлық қолтаңба саны
(аймақтық бөлiнiсте)
| № | Аймақ | Берілген ЭЦҚ саны |
| 1 | Алматы қ. | 803 090 |
| 2 | Түркістан обл. | 738 320 |
| 3 | Астана қ. | 680 329 |
| 4 | Алматы обл. | 523 221 |
| 5 | ШҚО | 357 995 |
| 6 | Қарағанды обл. | 340 953 |
| 7 | Ақтөбе обл. | 336 590 |
| 8 | Қызылорда обл. | 328 927 |
| 9 | Жамбыл обл. | 311 818 |
| 10 | Ақмола обл. | 306 026 |
| 11 | Қостанай обл. | 260 210 |
| 12 | Павлодар обл. | 208 076 |
| 13 | Атырау обл. | 203 599 |
| 14 | БҚО | 189 518 |
| 15 | СҚО | 177 732 |
| 16 | Маңғыстау обл. | 175 137 |
| 17 | Шымкент қ. | 73 319 |