«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының 50-ге жуық қызметкерi «Өмiр қолын соз!» акциясына қатысып, облыстық қан орталығының қан қорын толықтырды.
Осы күнi барлық адамдар қан берiп қоймай, сонымен қатар оның талдауларын жүргiзе алды, жағдайын тексердi. Қаң тапсыру процедурасы мүлде ауыртпалықсыз және сонымен бiрге денсаулыққа өте пайдалы. Ересек адам денсаулығы үшiн қанның мезгiлдi жаңартылуын қажет етедi.
«Қанымызды тапсыра отыра, бiз қиын жағдайларға тап болған адамдарға көмек қолын созуға тырысамыз. Адамдардың жандарына араша түсiп, денсаулықтарының жақсаруына көмектесе алатынымызға қуаныштымыз. Осындай iс-шараларға қатысу арқылы өзгелерге үлгi болсақ деген ниеттемiз», — дейдi «Азаматтараға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясыны Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиал директорының орынбасары Серiк Бейсенов.
Әр донордың қан тобына алдын ала зертханалық талдау жасалды және бұрын ауырған ауруларына қатысты дәрiгер қабылдауы жүргiзiлдi. Медициналық тексерiстен сәттi өткен әр қызметкерден 450 мл көлемiнде қан алынды.
Адам өмiрiн аман алып қалуға көмектесетiн игi шараны корпорацияның өзге филиалдары да қолдап, донор күнiн өткiзiп жатыр.