Меню

Страницы

Статья

Баспасөз хабарламасы Қалтаңыздағы ХҚО – Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерді смартфон арқылы алуды үйретуде

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы халықтың цифрлық сауатын арттыру бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Бүгiнде азаматтарға электронды үкiмет порталы арқылы мемлекеттiк қызметтердi алуды оқытатын цифрлық ХҚО елiмiздiң барлық облысында ашылған. Бұған қоса халыққа қызмет көрсету орталықтарында смартфон арқылы мемлекеттiк қызметтердi алуды үйрететiн аймақтар ашылып жатыр.

ХҚО мамандары қызмет алушылардың телефондарына telegram мен Mgov қосымшаларын орнатып беруге көмектесiп, түрлi анықтамалар мен қызметтердi алу ретiн түсiндiрiп беруде.

Бүгiнде Telegram қосымшасындағы Egovkzbot арқылы 24 қызмет қолжетiмдi. Жүйе iске қосылған сегiз айдың iшiнде 140 мың адам оны қолданып үлгерiп, 160 мың рет түрлi анықтамаға өтiнiш берген. Мэссенджер қолданушылары 60 мың рет мекенжай, 20 мың рет соттылықтың болу/болмауы туралы анықтамаларды сұратқан. Өз кезгiнде, Mgov қосымшасы арқылы 90 мемлекеттiк қызметтi онлайн тәртiпте алуға болады. Смартфон иелерi бұл қосымшаны былтыр 1,3 млн. рет жүктеп, 3,6 млн. қызмет алған.

«Онлайн болу — заман талабы. Қалтаңыздағы смартфон халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, сұранысқа ие мемлекеттiк қызметтердi жылдам алуға көмектеседi. Көрсетiлетiн электрондық қызметтер санының артуына байланысты мемлекеттiк корпорация халық арасында қызметтердi онлайн алуды үйрететiн шаралар өткiзiп, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруда. Бұл қосымшаларды пайдалану үшiн мобильдi азаматтар базасында тiркелу мiндеттi. Оны ХҚО қызметкерлерi жүзеге асырады. Тәртiп бойынша қызмет алушының жеке сәйкестендiру нөмiрi мен ұялы телефоны байланыстырылып, базаға енгiзiлуi тиiс», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Айта кетейiк, осы уақытқа дейiн электронды үкiмет порталын өз бетiнше пайдалану дағдыларын 8 миллион қазақстандық игерген. Оған қоса, мемлекеттiк корпорация мамандары жергiлiктi әкiмдiктердiң 3,5 қызметкерiне egov.kz порталын пайдалануды үйретiп, олар өзге 686 мың азаматты оқытқан.

Бұдан бөлек, мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi апта сайын емхана, әскери бөлiм, жоғары оқу орындары мен өзге де мекемелерге барып, қосымшаларды пайдалану ретiн үйретiп отырады.

Анықтама: Бүгiнде реестрдегi 752 мемлекеттiк қызметтiң 506-сы, яғни 67% электрондық форматта қолжетiмдi. Жыл өткен сайын электрондық жолмен көрсетiлетiн қызмет саны өсiп отырады, 2020 жылы оның үлесi 90% құрауы тиiс. Айта кетейiк, бүгiнде халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейi 77% жеттi. 2022 жылға қарай оны 83% дейiн арттыру көзделген.

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы