Меню

Страницы

Статья

Баспасөз хабарламасы «Азаматтарға арналған үкімет» Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100-ші қадамды орындады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Елбасының 2015 жылы қабылдаған Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнiндегi 100-шi қадамды орындады. Оған сәйкес, Канада мен Австралияның үлгiсi бойынша мемлекеттiк қызметтердiң бiрыңғай провайдерiне айналатын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясын құру тапсырылған болатын. 2016 жылдың сәуiрiнде жұмысын бастаған корпорация халыққа қызмет көрсететiн барлық орталықтарды бiр жүйеге интеграциялап, мемлекеттiк қызметтердi бiр жерден алу мүмкiндiгiн жасады. Сондай-ақ ұлт жоспарында мемлекеттiк қызметтi сапа менеджментi ISO 9000 сериясына сәйкес халықаралық сертификаттаудан өту мiндетi қойылған болатын.

Бұл тапсырманы орындау мақсатында 2017-2018 жылдары сапа менеджментi жүйесiнiң халықаралық стандарт қағидаттарын енгiзу, қызметкерлердi оқыту жұмыстары жүргiзiлiп, корпорация қызметi бiрiздендiрiлдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспановтың айтуынша, сапа менеджментiнiң халықаралық сертификатын алу — көрсетiлетiн қызмет деңгейi өскенiнiң дәлелi. «Бiздiң басты мiндетiмiз — қызмет алушының көңiлiнен шығып, бар сұранысын өтеу. Корпорациямызға жүгiнетiн кез келген азамат сапалы қызмет алуы тиiс. Бiз бұл бағыттағы жұмысты үнемi жетiлдiрiп отыратын боламыз», — дейдi корпорация төрағасы.

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сай келуiн тексеру мақсатында сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаттау аудитiн TUVThuringen Е.V. компанисы (Германия) жүргiздi.

Халықаралық стандарт талаптарына жауап беру — мемлекеттiк қызметтердi онлайн форматқа ауыстыруға қатысы бар бизнес-процестердi үнемi жетiлдiрiп отыруға мүмкiндiк бередi. Бұл Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметiне жүгiнетiн халық санын азайтуға, корпоративтi және сервистiк мәдениет деңгейiн көтеруге, сондай-ақ корпорация қызметкерлерiнiң құзыреттiлiгiн дамытуға ықпал етедi.

Басқарма төрағасына ISO 9001:2015 сертификатын аудит жүргiзген TUVThringen Е.V. компаниясының атынан Роман Карякин («Интерсертифика-Тюф ЖШС директоры) табыс еттi.

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы