Меню

Страницы

Статья

«Азаматтарға арналған үкімет» өз қызметінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданатын болады

Бүгiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жер кадастры бойынша 37 қызмет түрiн көрсетедi. Оның iшiне жер аумағын, құрылымын, топырақ құрамын анықтау бойынша жұмыстар кiредi. Бұлардың қатарындағы төртеуi мемлекеттiк қызметтер. Атап айтқанда, жер учаскелерiнiң кадастр құнын анықтау, жер телiмiнiң сәйкестендiру құжаттарын әзiрлеу және беру, мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн ұсыну және жобаланатын жер учаскесiн келiсу сияқты қызметтер мемлекеттiк корпорацияның облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы филиал қызметкерлерiмен атқарылады.

«Бүгiнде бiз бiрыңғай мемлекеттiк жылжымайтын мүлiк кадастры жобасын әзiрлеп жатырмыз. Ол бiрнеше ақпараттық база мәлiметтерiн бiрiктiрiп, мемлекеттiк қызметтердiң сапалы көрсетiлуiне ықпал етедi. Жер кадастры бойынша мәлiметтер неғұрлым дәл болу үшiн бiз ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алдық. Ол жердiң 1:10 000 рұқсаттағы цифрлық карталарын әзiрлеуге көмектеседi. Себебi қазiрде әуеден түсiрiлген бiрнеше сантиметрге дейiнгi нақты карталар жоқтың қасы», — деп атап өттi мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов жерге орналастырушылардың кәсiби мерекесiне орай ұйымдастырылған салтанатты жиын барысында.

Бүгiнде жерге қатысты мәлiметтер базасы GPS, спутник навигаторы, қашықтан зондтау және геоақпараттық жүйелер сияқты цифрлық технологиялардың көмегiмен жасақталуда.

Мемлекеттiк корпорация ұшқышсыз ұшу аппаратының екi данасын қолданысқа енгiзiп, оларды басқара алатын мамандарды арнайы оқытады.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен арнайы бағдарламалардың көмегiмен жердiң 2D, 3D модельдегi карталарын әзiрлеуге болады. Әуеден түсiрiлген суреттер цифрлық форматтағы топографиялық карта мәлiметтерiн жылдам жаңартып отыруға көмектеседi. Түсiрiлiм барысында жердiң географиялық координаттары бiрден ескерiлiп, жер бедерiнiң ерекшелiктерi нақты жазылады.

2018 жылы наурыз айының екiншi сенбiсi жерге орналастырушы, геодезия және картография мамандарының кәсiби мерекесi деп белгiленген. Биыл екiншi рет атап өтiлiп жатқан мереке қарсаңында мемлекеттiк корпорация төрағасы әрiптестерiн кәсiби мейрамымен құттықтап, еңбектерiне табыс тiледi. «Былтырғы жылы корпорациямыз мемлекет тапсырысы бойынша 7 млн. га. аумақта топырақ құрамын зерттеп, дәл сонша мөлшердегi аумақтың электронды картасын әзiрледi. 10 млн. га. жерге мониторинг жүргiздi. Елiмiз цифрлық технологияларға бетбұрған заманда жер кадастры сияқты саланың да электронды форматқа ауысуы заңды. Осы жұмысты сапалы атқаруға шақырамын. Қызметтерiңiз жемiстi болып, жетiстiктерге жете берулерiңiздi тiлеймiн», — дедi А. Оспанов.

Анықтама: «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы құрамында жер кадастры бағыты бойынша 2 мыңға жуық қызметкер жұмыс iстейдi.

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы