Меню

Страницы

Статья

Жаңа босанған 63 мың ана сәбилерінің алғашқы құжатын проактив әдісімен алды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2017 жылдың желтоқсанында үш мемлекеттiк қызметтi бiр ғана смс хабарламаның көмегiмен алуға болатын проактив қағидасын енгiзген болатын.

Пилоттық жоба iске қосылғалы берi жаңа босанған жүз мыңнан астам анаға смс құттықтау жолданып, проактив тәсiлiмен баланың туу туралы куәлiгiн алу ұсынылды. Олардың 63 330 бiр мемлекеттiк қызметке тапсырыс берiп, сәбилерiнiң алғашқы құжатын онлайн өтiнiш берiп алды.

Айта кетейiк, пилоттық жоба шеңберiнде нәрестелi болған әйелдер смс хабарламаға жауап беру арқылы баланың туу туралы куәлiгiн рәсiмдеп, жәрдемақы алуға өтiнiш жолдап, баланы балабақша кезегiне қоя алады.

«Ендi ғана босанған әйелдерге халыққа қызмет көрсету орталығына бiрнеше рет барудың қажетi жоқ. Бұрын аналар бесiгiндегi баласын қалдырып, не оларды құндақтап ХҚО-ға келiп жүретiн. Цифрландыру заманында проактив әдiсi арқылы барлығын онлайн жүйелер арқылы жүзеге асыруға болады. Оны пайдалану үшiн аналар босанбас бұрын мобильдi азаматтар базасында тiркелуi тиiс», — дейдi мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Бүгiнде проактив әдiсi телеграм қосымшасындағы арнайы бот арқылы да қолжетiмдi. Мобильдi базаға тiркелген азаматшалар ұялы телефонының көмегiмен өздерi де жоғарыда аталған үш қызметке тапсырыс бере алады. 2018 жылдың қыркүйегiнде iске қосылған бот қызметiне 5,5 мыңға жуық әйел жүгiнген, олардың 4 842 балаларының туу куәлiгiн рәсiмдеген.

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы