«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру үшiн келетiн азаматтардың саны күрт өскенiн хабарлайды.
Осы орайда, азаматтар жүргiзушi куәлiктерiн (ЖК) мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкiмет порталы арқылы ауыстыра алатынын естерiңiзге саламыз. Бұл әдiс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлiгiнен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкiндiк бередi.
Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру қызметiн алу оңай әрi жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кiрiп, электрондық өтiнiштi толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Өтiнiшпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суретi де жолданады. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң (мобильдi азаматтар базасына тiркелген жағдайда хабарлама SMS түрiнде келедi) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын ЖК алып кетуге болады.
Бөлiмге барғанда, ауыстыратын ЖК, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, өтiнiш пен баж салығын төлеу туралы электрондық чектi ұсыну қажет. Айта кетсек, жүргiзушi куәлiгiнiң баж салығы бұрынғыдай 1,25 АЕК, яғни 3 006,25 теңгенi құрайды.
Егер ЖК мерзiмi өтiп кетсе, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.
Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру қызметiн биыл жыл басынан берi 1097 солтүстiкқазақстандық пайдаланған.