Меню

Страницы

Статья

Более полумиллиона госуслуг выдано через Telegram-бот за год

Смартфондағы telegram қосымшасы арқылы мемлекеттiк қызметтер мен сервистердi қолжетiмдi еткен @egovkzbot қызметiне бiр жыл толды. Осы мерзiм аралығында аталмыш бот көмегiмен 534 мың қызмет көрсетiлдi.

Қолданушылар арасында танымал болған телеграм-бот 25 түрлi мемлекеттiк қызмет пен сервистердi алуға мүмкiндiк бередi. Жиi сұралатын анықтамалардың iшiнде мекенжай, соттылықтың болмауы, психиатриялық, наркологиялық диспансерлердiң анықтамалары бар. Бұған қоса кез келген азамат зейнетақы қорындағы салымы туралы ақпарат алып, өз үйiнде тiркелгендердiң тiзiмiн қарай алады. Egovkzbot-тағы сервистер арқылы дәрiгердiң қабылдауына жазылып, борышкерлер тiзiмiнде бар-жоғын тексерiп, бос жұмыс орындарын қарауға болады.

Egovkzbot-ты қолдану үшiн азаматтар мобильдi азаматтар базасында тiркелуi тиiс. Бұл үшiн кез келген ХҚО-ға жүгiнуге болады. Айта кетейiк, бiр жыл iшiнде онлайн қызметтер ботын пайдаланып үлгергендердiң саны 320 мыңнан асты.

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы