Меню

Страницы

Статья

Жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеп-қарау мамандары 100 мыңнан артық қызмет көрсетті

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жылжымайтын мүлiк нысандарын мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау жұмыстарын жүргiзетiн мамандары жыл басынан берi 102 мың мемлекеттiк қызмет көрсеттi. Оның iшiнде жылжымайтын мүлiктiң техникалық паспортын, оның көшiрмесiн беру қызметтерi бар.

Жылжымайтын мүлiк санатына жаңадан салынған және қолданыстағы үй-жайлар мен түрлi мақсаттағы ғимараттар, өзге де құрылыс нысандары жатады. Олардың техникалық сипаттамаларын құжаттандыру үшiн мамандар жылжымайтын мүлiктiң өлшемдерiн өлшеп, ғимараттардың әрбiр қабатының жоспарын сызады. Жұмыс барысында нысанның техникалық жағдайы ескерiлiп, құрылыста пайдаланылған материалдар сипатталады. Барлық жиналған ақпарат бойынша мәлiмет топтастырылып, техникалық паспортқа енгiзiледi.

Бүгiнде техникалық паспортты алу үшiн өтiнiмдi egov.kz порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы берiп, өлшеу жүргiзетiн техник маманды мекенжай бойынша шақыртуға болады. Техникалық паспорт жасату үшiн келесi құжаттар тiзiмi қажет: жеке куәлiк, жер учаскесiнiң сәйкестендiру құжатымен қоса нысанның құқық белгiлейтiн құжаты және қызмет үшiн төлемнiң жүргiзiлгенi жөнiндегi түбiртек. Жыл басынан берi төрт ай iшiнде 85 мыңға жуық техникалық паспорт ХҚО, 3 900-ден астамы электронды портал арқылы жасалып берiлдi.

Жылжымайтын мүлiк нысанының техникалық паспортын әзiрлеу уақыты мүлiк түрiне қарай әр түрлi мерзiмдi құрайды. Мысалы, пәтерлер мен жатақханадағы бөлмелерге құжат үш жұмыс күнi аралығында берiледi. Үйлер, гараждар, саяжайлардың техпаспорты жетi жұмыс күнi iшiнде әзiрленедi. Ал ауданы 1000 м2 дейiнгi нысандардың құжаты он күнде, 1000 м2 асатын жылжымайтын мүлiк техпаспорты жиырма жұмыс күнi аралығында дайын болады.

 

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы