2019 жылғы 02 тамыз Петропавл қ.
Бүгiн «Семейный» сауда-ойын сауық орталығында Телеграм-бот және mgov қосымшасын түсiндiрiп тарату бойынша «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы өттi.
Акция барысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы СҚО бойынша филиалының қызметкерлерi халыққа Telegram-дағы @EgovKzBot сервисi арқылы өз бетiнше мемлекеттiк қызметтердi алуға, «электрондық үкiмет» веб-порталын қолдану дағдыларын үйретiп, мобильдi азаматтар базасына тiркедi. Бүгiнде Telegram қосымшасындағы @EgovKzBot арқылы 25 қызмет қолжетiмдi. Бұл мекенжай анықтамасы, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, психо және наркодиспансерден анықтамаларды алу, сондай-ақ кезектi онлайн брондау, дәрiгердi үйге шақыру сияқты т.б. сервистерi қолжетiмдi. MGov.kz мобильдi қосымшасы арқылы бiлiм, отбасы, жылыжымайтын мүлiк, денсаулық сақтау салалары бойынша және т.б. 77 мемлекеттiк қызмет түрiн алуға болады.
Электрондық қызмет түрлерiнiң саны өскен сайын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы СҚО бойынша филиалы азаматтарды мемлекеттiк қызметтердi онлайн алуға үйретiп қана қоймай, сондай-ақ цифрлық сауаттылықтарын арттыру бойынша iс-шараларын өтiкiзiп отырады. Осы мақсатта филиал қызметкерлерi әртүрлi акиялар өтiкiп, азаматтарды үйрету жұмыстарын жүргiзiп, ЖОО-ға, сауда ойын-сауық орталықтарына және басқа да ұйымдарға шығып отырады.
Бұған қоса, 2018 жылы Петропавл қаласында цифрлық қызмет көрсету орталығы ашылған болатын. Цифлық ХҚО-да азаматтар мемлекеттiк қызметтердi өз беттерiнше алып қана қоймай, арнайы жабдықталған оқу сыныбында цифрлық сауаттылықтарын арттыра алады.
Айта кетейiк, «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы облыстың барлық аудан орталықтарында өтетiн болады.
Анықтама: Соңғы екi айдың iшiнде СҚО бойынша 1664 адам Телеграм-ботта тiркелген.