Меню

Страницы

Статья

Анаға цифрлық жәрдем!

«Азаматтарға арналған үкiмет» жас босанған аналар арасында «Анаға цифрлық жәрдем» байқауын жариялайды. Бала тууына байланысты берiлетiн жәрдемақыны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсiмдеп, ол туралы әлеуметтiк желiде пост жазған аналар байқаудың қатысушысы атана алады.

Байқау шарты бойынша жәрдемақыны онлайн рәсiмдеген аналар жазған постында мемлекеттiк корпорацияның ресми аккаунты @gov4c.kz белгiлеп (instagram әлеуметтiк желiсiнде), #анағацифрлықжәрдем хэштегiн қоюы тиiс.

Байқау жеңiмпаздары 15 қыркүйек — Аналар күнi анықталатын болады. Конкурс аясында пост жазғандардың есiмдерi бiр тiзiмге жазылып, жеңiмпаз рандомды түрде, яғни кездейсоқ нөмiрдiң түсуi арқылы таңдалады.

Қызықты пост жазып, байқауға қатысқан үш жеңiмпаз bebek.kz интернет-дүкенiнен «Sweety» брендiнiң жөргектерiн бiр ай бойы алуға мүмкiндiк беретiн сертификатқа ие болады. Жұбаныш сыйлығы ретiнде тағы бес жеңiмпаз балалар азығын, ыдыс-аяғын, күтiм құралдарына қосымша сертификат алады.

Анықтама: «Бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау» қызметi egov.kz порталында 2017 жылдың 29 желтоқсанында iске қосылған. Жыл басынан берi алты ай iшiнде онлайн түрде бала тууына қатысты 19 мың жәрдемақы рәсiмделген.

Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
15 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы