Меню

Страницы

Статья

Зейнеткерлікке смс арқылы шығуға болады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы зейнеткерлiктi проактив әдiсiмен рәсiмдеу бойынша пилоттық жобаны iске қосты.

Аталған пилотты жүзеге асыру жөнiндегi бiрлескен бұйрыққа ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгi мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi қол қойды. Жоба әзiрге «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының зейнет жасына жететiн қызметкерлерiн қамтиды. Бүгiнде корпорацияда 22 мың қызметкер еңбектенедi.

Зейнеткерлiкке шығу барысында дәстүрлi түрде ХҚО арқылы жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерiн және бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн тағайындау мемлекеттiк қызметтерi рәсiмделедi. Бұдан былай халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажеттiлiгi болмайды.

Зейнет жасына толғанға дейiн 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметтi проактивтi түрде рәсiмдеуге ұсыныс бiлдiретiн смс-хабарлама жолданады. Келiсiм берiлген жағдайда, кадр бөлiмiне алдын ала тапсырылған құжаттар электронды түрде жауапты мемлекеттiк органның мақұлдауына жiберiледi.

Айта кетейiк, зейнеткер жұмыс берушiсiнiң кадр бөлiмiне алдын ала еңбек өтiлi, зейнеткерлiк жүйеге қатысуы сияқты мәлiметтердi ұсынады, бұл ақпарат, өз кезегiнде, еңбек келiсiмдерiн есепке алу бiрыңғай жүйесiне енгiзiледi.

Аталған әдiс арқылы мемлекеттiк корпорацияның екi қызметкерi зейнеткерлiкке шығып үлгердi. Тиiстi смс-хабарламаларды алғандардың қатарында астаналық әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмiнiң жетекшiсi Райхан Жолдықұлова мен Ақмола облысы филиалының жер кадастры бөлiмiнiң қызметкерi Любовь Шестаева бар.

«Корпорациямыз цифрлық жаңашылдықтардың үнемi басы-қасында жүредi. Бiрақ дәл осы зейнеткерлiкке шығу жобасының алғашқы қатысушысы боламын деп ойламаппын. Зейнет жасына жеткенде қаншама құжаттың машақаты барын бiлемiн. Барлығы смс-пен шешiлгенiне қуаныштымын», — дейдi зейнеткер Райхан Жолдықұлова.

Пилоттық жоба қорытындысы бойынша оның өзге мекемелерге таралуы бойынша шешiм қарастырылады.

 

Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
15 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы