Қарттар күнiне орай, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы биыл құрметтi демалысқа шыққан азаматтар туралы мәлiметтердi ұсынады. Жыл басынан берi 57 мың азаматқа базалық зейнетақы тағайындалды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерi 52 мың азаматқа рәсiмделген. Жалпы елiмiзде зейнетақы төлемдерiн 2,2 млн. адам алады.
Аймақтық бөлiнiсте қарайтын болсақ, базалық зейнетақы ең көп Алматы облысында тағайындалған — 5954, ал ең аз өңiр — Атырау облысы, мұнда не бары 1554 азамат биыл базалық зейнетақы ала бастаған.
«Зейнеткерлiк — қарттықты әдемi қарсы алып, бос уақытты жақындарыңмен өткiзуге мүмкiндiк беретiн шақ. Бiз зейнеткерлiкке шығу рәсiмiн барынша жеңiлдетуге тырысып жатырмыз. Бiр жыл бұрын зейнеткерлiкке бiр өтiнiшпен шығуға мүмкiндiк беретiн композит қызметiн енгiздiк. Биыл ХҚО-ға бармай-ақ, смс-хабарлама арқылы зейнеткерлiктi рәсiмдеуге мүмкiндiк беретiн проактив қызметiн iске қостық. Цифрлық жаңашылдықтар, осылайша, құрметтi демалысқа артық қағазбастылықсыз шығуға жол ашады», — дейдi басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.
Айта кетейiк, зейнеткерлiк жасқа жетуiне, базалық зейнетақының төленуi мен мемлекеттiк кепiл төлем жасау туралы, сондай-ақ БЖЗҚ-ға төлемдердi төлеу сияқты төрт өтiнiштiң орнына бiр ғана өтiнiш өткiзуге мүмкiндiк беретiн композит қызметi 2018 жылдың қазан айында енгiзiлдi.
Зейнет жасына толғанға дейiн 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметтi проактивтi түрде рәсiмдеуге ұсыныс бiлдiретiн смс-хабарлама жолданатын қызмет 2019 жылдың тамызында енгiзiлдi. Әзiрге бұл қызметтi мемлекеттiк корпорациядан зейнеткерлiкке шығатын жұмыскерлер пайдалана алады.