
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева фейсбуктегi парақшасында Қазақстандағы ХҚО арқылы берiлетiн жоғары сұранысқа ие 5 анықтама түрiн жариялады. Бұл бестiкке мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуi және қозғалысы туралы ақпарат және соттылықтың болуы немесе болмауы туралы сияқты анықтамалар енген.
Балташеваның айтуынша, «анықтамалар рейтингi» арнайы жүргiзiлген талдау нәтижесiнде анықталған.
Талдау барысында биылғы жылдың 8 айында қазақстандықтар ХҚО-дан 4,5 млн. мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүлiктiң бар/жоқ екендiгi туралы миллионға жуық анықтаманы және жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы 700 мыңнан астам анықтаманы сұратқаны анықталған.
«Бұл электрондық үкiмет порталыжәне телеграмм-ботарқылы өз бетiнше алынған анықтамаларды есепке алмағандағы, қазақстандықтардың ХҚО-ға келiп алған анықтамаларының көрсеткiшi», — деп нақтылады Әсемгүл Балташева.
Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрi Асқар Жұмағалиев мекенжай туралы анықтаманы жою туралы бастама көтердi.
Нәтижесiнде, 1 қарашадан бастап Қазақстанда мекенжай анықтамасын беру мемлекеттiк қызмет ретiнде қысқартылады, яғни ендi азаматтар өзiнiң тiркелген орнын тек egov.kz электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинеттен тексере алады.
Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ведомствоаралық комиссияның қарауына тағы 28 анықтаманы мемлекеттiк қызмет тiзiлiмiнен алып тастауды ұсынды.