Қазан айының басынан электрондық үкiметтiң жаңартылған eGovmobile мобильдiк қосымшасы iске қосылды. Қосымша мемлекеттiк қызметтердi алу процесiн айтарлықтай жеңiлдеттi, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкiмет».
Жетiлдiрiлген eGovmobile қолданыстағы электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) 4 таңбалы PIN-кодқа немесе биометрия құрылғыларына (Face ID, Touch ID) тiркеп қоюға мүмкiндiк бередi.
Бiр рет электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) PIN-кодқа немесе биометрия құрылғыларына тiркеп алған қолданушы, жүйеге кiру және мемлекеттiк қызмет алу кезiнде ЭЦҚ таңдап немесе пароль енгiзiп әуре болмайды.
Ендi азаматтарға ЭЦҚ-ның қажеттiлiгi жоқ. Бiз ұялы телефонымыздың бұғатын саусақ iзiмен немесе Face ID-мен шешудi үйренiп алдық. Дәл осылай бұл қосымшада да ЭЦҚ-ңызды өзiңiздiң биометрияңызға тiркеп алып, мемлекеттiк қызмет алу барысында сұрауды өзiңiздiң Touch ID немесе Face ID-iңiзбен растауға болады.
Оның үстiне, ЭЦҚ-ны мобильдi құрылғыларда пайдалану үдерiсi жеңiлдетiлдi. Бұған дейiн ЭЦҚ смартфонға компьютер арқылы жүктелетiн болса, қазiр сертификатты қолданушының электронды поштасындағы хаттан бiрден ұялы телефонға жүктеп алуға болады.
Сондай-ақ қосымшаның өзiнде ЭЦҚ-ны қалай жүктеуге болатыны туралы, авторизациядан өту және т.б. кеңестер бар, әр жаңа қызметке қадамдық нұсқаулық берiлген. Осылайша әзiрлеушiлер — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қосымшаны қолданыста барынша қолайлы етуге тырысты.
Айта кету керек, қазiргi уақытта қосымшада 28 қызметтер қолжетiмдi. Олар: базалық зейнетақы төлемiн есептеу мөлшерi туралы анықтама, бала тууына байланысты төлемдер және бiр жасқа толғанға дейiн төленетiн жәрдемақы, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама, жылжымайтын мүлiктiң жоғы (бары) туралы анықтама және т.б.