Достар, қарашадан бастап мекенжай анықтамасы болмайды. Желi пайдаланушылары оның орнын қандай құжат басады, ендi тұрғылықты жер бойынша тiркеу қажет емес пе деп сұрап жатыр. Онда мына постымызды сақтап, мұқият оқып, көңiлге тоқи жүрiңiз.
Мекенжай анықтамасы қашан жойылады?
1 қарашадан бастап «Мекенжай анықтамасы» мемлекеттiк реестрден мүлде алынып тасталады.
Мекенжай туралы мәлiметтердi қалай, қайдан көруге болады?
Тұрғылықты мекенжай жөнiндегi мағлұматты egov.kz электронды үкiмет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинет арқылы тексеруге болады.
Мемлекеттiк органдар мен өзге заңды тұлғалар бұл мәлiметтi қайдан алады?
Мемлекеттiк органдар мекенжай деректерiн iшкi iстер министрлiгiнiң деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелер арқылы алатын болады.
Басқа ұйымдар, соның iшiнде жеке компаниялар egov.kz электрондық үкiмет порталындағы үшiншi тұлғаларға анықтама беруге мүмкiндiк беретiн сервистi пайдалана алады. Бұл тек азамат бiр рет ақпарат алуға рұқсат беретiн SMS-ке келiсiм бергенде ғана жүзеге асатын операция.
