Меню

Страницы

Статья

Азаматтық хал актiлерiн кез келген аймақта тiркеуге болады

Ендi қазақстандықтар азаматтық хал актiлерiнiң барлығын тұрғылықты тiркеу орнына қарамастан, кез келген жерден ала алады. Бұл туралы заңға енгiзiлген түзетулер бүгiн Парламент Сенатында қабылданған заң жобасында қарастырылды.

Жаңашылдық баланың тууына, некенi тiркеу мен ажырасуға, аты-жөнi мен тегiн өзгертуге, қайтыс болу құжаттарын тiркеу сияқты қызметтердi қамтиды. Еске салайық, бұрын азаматтар аталған мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн тұрғылықты тiркеу орны немесе тiркеу жазбасының орналасқан жерi бойынша мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiне немесе АХАТ бөлiмiне хабарласатын. Ендi азаматтық хал актiлерiне қатысты 5 түрлi қызметтi кез келген ХҚО-дан немесе АХАТ-тан алуға болады. Бұл керектi құжаттарды аз уақыт iшiнде алуға және сыбайлас жемқорлық деректерiн болдырмауға мүмкiндiк бередi.

«Бұрын құжаттарды рәсiмдеп алу үшiн өтiнiш берушi тiркеу орны бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе тiркеушi органға хабарласып, 5-тен 30 күнге дейiн жауап күтетiн, бұл қызмет алушылар үшiн қолайсыздық пен қосымша қағазбастылықты тудыратын. Мәселен, егер азамат бiр аймақта тегiн өзгерту туралы өтiнiш бiлдiрсе, мемлекеттiк орган өзге аймақтан — оның туған жерiнен қосымша мәлiметтердi сұрататын. Тиiсiнше, қызмет көрсету уақыты ұзаратын», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Жалпы, заңға ұсынылған түзетулердiң 70% мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру мен автоматтандыруға мүмкiндiк бередi. Электрондық форматқа көшу құжаттарды қабылдау уақыты мен олардың санын қысқартады, әкiмшiлiк кедергiлердi жояды және қызметтердi алу процесiн жеңiлдетедi.

Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
15 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы