Достар, егер мемлекеттiк бағдарламаларға қатысу не банктен баспанаға қатысты қызметтердi алу үшiн жылжымайтын мүлiктiң бар/жоғы туралы анықтама қажет болса, оны онлайн алудың жолын оқып, ойға тоқи жүрiңiз.
Тұрғындар арасында сұранысқа ие анықтаманы egov.kz порталы, egovkzbot 2.0 телеграм-боты және FB мен VK мэссенджерлерi арқылы алуға болады.
Ол үшiн электронды үкiмет порталынан немесе боттан «Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлiгiнiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру» қызметiн таңдайсыз.
ЭЦҚ-мен онлайн сұрау жасап, анықтаманы кiмге сұрататыныңызды белгiлесiз.
Аймақты таңдайсыз.
Дайын анықтама сiздiң жеке кабинетiңiзге келiп түседi!
