Меню

Страницы

Статья

Миллионнан аса қазақстандықтың «қалтасында ХҚО» бар

Мобильдi азаматтар базасына тiркелген 7 млн аса пайдаланушы eGov mobile қосымшасы мен Telegram, Vk, Fb мэссенджерлерi арқылы сұранысқа ие анықтамалар мен сервистi ХҚО-ға бармай-ақ ала алады.

Ұялы телефон көмегiмен бiрқатар мемлекеттiк қызметтiң қолжетiмдiлiгi жөнiнде бүгiн Үкiмет отырысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева айтып бердi.

Бүгiнде 1,5 жыл бұрын қолданысқа енген egovkzbot2.0 телеграм-ботын 654 мың қазақстандық жүктеп үлгерген. Оның көмегiмен азаматтар көбiне соттылықтың болу/болмауы, псих-нарко диспансерлердiң есебiнде болмау, жылжымайтын мүлiктiң болу/болмауы сияқты қызметтермен, сондай-ақ ХҚО кезегiн брондау, айыппұлдардың барын тексеру тәрiздi сервистердi жиi пайдаланған.

Электронды үкiмет порталының ұялы телефонға арналған eGov mobile қосымшасында бүгiнде 28 қызмет қолжетiмдi. Жаңарған қосымша ЭЦҚ-ны биометрия мәлiметтерiмен сәйкестендiрiп, авторизациядан жылдам өтуге мүмкiндiк берiп отыр. 1,5 айдың iшiнде ғана оны қазақстандықтар 205 мың рет жүктеп алған.

«Халық ыңғайлығы үшiн сұранысқа ие анықтамаларды смартфон арқылы жылдам әрi оңай алу мүмкiндiгiн жасадық. Кейбiр анықтамаларды не бәрi 1 минуттың iшiнде алуға болады. Есесiне қаншама уақыт, қаржы үнемделедi. Адамдар ХҚО-ға ұмтылмай, қалтасындағы ұялы телефонның бар мүмкiндiгiн пайдалануы тиiс», — дейдi басқарма төрайымы.

Тұрғындар арасында «Қалтадағы ХҚО» қызметiн пайдаланушылар санын арттыру үшiн әр ХҚО-да мобильдi тiркеу секторлары ашылған. Онда мамандар азаматты базада тiркеп, бiрден қосымша мен телеграм, фэйсбук және вконтакте әлеуметтiк желiлерiндегi боттар арқылы қызметтердi алу жолдарын көрсетедi.

Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
15 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы