Меню

Страницы

Статья

Қазақстандықтар онлайн мемлекеттік қызметтерге бетбұрды

Жыл басынан берi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi арқылы 6,3 млн. электронды цифрлық қолтаңба берiлдi. Электронды үкiмет порталының қызметтерiн онлайн алуға мүмкiндiк беретiн кiлт иелерiнiң белсендiлiгiн ХҚО-ға келушiлер санының азаюынан байқауға болады. 10 ай iшiнде мемлекеттiк корпорация тарапынан 24,4 млн. қызмет көрсетiлдi, бұл көрсеткiш былтырғы жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 4 млн-ға немесе 16,4% азайса, қызметтердi өз бетiнше алғандардың үлесi 3,7 млн-ға көбейген. Бұл туралы Үкiмет отырысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева айтып бердi.

«Халықтың цифрлық сауатының артуына былтыр барлық облыстарда ашылған Цифрлық қызмет көрсету орталықтары әсер еттi деп ойлаймын. Бiз ол орталықтарда электронды үкiмет порталын пайдалануды үйрететiн курстар ұйымдастырдық. Қызметкерлерiмiз әр облыс, қала, аудандарда 73 мың семинар-лекция өткiзiп, электронды қызметтердi алуды үйренгендерге 1,3 млн. сертификат табыстады», — дейдi басқарма төрайымы.

Цифрлық ХҚО-лардың ерекшелiгi — «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету аймағының болуында. Бұл — фронт-офис қызметiн трансформациялау тұжырымдамасы аясында енгiзiлген жаңашылдық. Оған сәйкес фронт-офистiң 60% — өзiне-өзi қызмет көрсету, 40% — операторлар қызмет көрсететiн аймақтан тұрады. Биыл елiмiздегi барлық «Connection point» секторында 13 млн-нан аса азаматқа түсiндiрме-кеңес беру жұмыстары жүргiзiлдi. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 млн. артық көрсеткiш.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi, сондай-ақ көшпелi акциялар ұйымдастырып, әскери бөлiм, емхана, мемлекеттiк органдар қызметкерлерiн оқытып, колледждер мен ЖОО студенттерiне egov.kz-пен жұмыс iстеудi үйреттi.

Жоспар бойынша 2020 жылы тағы бiр цифрлық ХҚО Алматы қаласында ашылады, ал egov.kz-пен жұмыс iстеу дағдыларын 1,4 млн. азаматқа үйрету көзделiп отыр.

Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
15 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы