Егер балаңыздың туу туралы куәлiгiн жоғалтып не бүлдiрiп алған болсаңыз, оның телнұсқасын алуға өтiнiштi ХҚО-ға бармай-ақ, онлайн беруге болады.
Әдеттегiдей, сiзге egov.kz көмектеседi.
- Ең алдымен порталда авторланып, «Туу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш алу» қызметiн таңдаңыз. Оған онлайн сұрау салып, ЭЦҚ-мен немесе бiрретiк парольмен қол қойыңыз.
- Қызмет ақысы: Мемлекеттiк қызмет құнын төлеу үшiн картаңызды пайдаланасыз, Қызмет құны — 1 АЕК.
- Өтiнiшiңiздiң қабылданғаны және дайын болғаны туралы ақпарат жеке кабинетiңiзде көрiнедi.
- Дайын құжатты алып кету үшiн мемлекеттiк корпорацияның фронт-офисiне жүгiнесiз. Өзiңiзбен бiрге жеке кабинетiңiзге келген хабарлама мен жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.
- Онлайн қызметтi баланың туу туралы жазбасы 2007 жылдың 13 тамызынан бастап жазылған азаматтар ала алады. #oqytoqy
